Тәжірибе алмасу сәтті өтті!

2022 жылы 30 наурыз күні «Томирис» медициналық колледжі Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес «Медицина колледжі педагогтерінің арасында «Орта медициналық білімі бар мамандардың тәжірибелік даярлығының сапасы және оны жетілдіру жолдары» атты республикалық ғылыми –практикалық конференциясын ұйымдастырып, өткізді.
Конференцияға Қазақстан Республикасы және Нұр-Сұлтан қаласы медициналық колледждерінің оқытушылары қатысты.
Республикалық конференцияның құрметті қонақтары болып колледждің әлеуметтік серіктестері Көшербаева Ж.Ө., Қосшы қаласы "Жан Ұя" медициналық клиникасының аға медбикесі, Мусенов Е. Т., «№14 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директоры, Сагандыков Ж. К., «№11 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директоры, Капаева Ш. А., «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бас медбикесі және Исина Н.С., Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері шақырылды. Шақырылған қонақтар алғы сөздерін айтып, сәттілік тіледі.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Медицина қызметкерлерін даярлаудың заманауи аспектілері (медициналық колледждердің басшылары, басшылардың орынбасарлары, ОӘК төрағалары үшін);
2.Болашақ мамандарды кәсіби даярлау: факторлар, мәселелер, ізденіс (арнайы пән оқытушыларына арналған);
3.Теориядан практикаға. Жаңа буын мамандарын кәсіби даярлаудың ерекшеліктері (жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық пәндер мұғалімдеріне, колледж психологтарына)
Конференцияның пленарлық отырысын Нурмагамбетова Жанат Амантайевна, «Томирис» медициналық колледжі атқарушы директорының ОІ жөніндегі орынбасары ашып, Алғы сөз айту үшін колледждің атқарушы директоры Қазакстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Тойкина Гульнар Океновнаға және Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Исина Нагима Саткеновнаға сөз берді.
Қазылар алқасының мүшелері, хатшысы Исаинова А. Қ. және модераторлар Ембергенова А.М., Жакипбаева Г.Е., Каирбекова Д.М. конференцияның жұмысын қорытындылап, қатысушылардың баяндамаларын бағалады.
Колледждің ОӘЖ жөніндегі орынбасары Хасенова Слушаш Елеусизовна конференцияның критерийлеріне назар аударып, іс-шараға 10 медициналық колледжінің 36 оқытушысы қатысқаны жөнінде айтты, оның ішінде Нур-Сұлтан қаласының 6 колледжінің педагогтары және 4 педагог ҚР-ң медициналық колледждерінен өтінім жіберді. Қатысқан педагогтардың саны 36 болды, оның ішінде 12 педагог тікелей (оффлайн), 9 оқытушы онлайн қатысты және 17 мақала тек конференция жинағында жариялану үшін жіберілді.
Қазылар алқасы сараптамасының қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері:
I дәрежелі дипломдармен:
Сейдахметова Баян Аскаровна, «Шипагер» медициналық колледжі;
Жаупанова Зубайда Жумабековна, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК
Магауин Женис Тезекбаевич, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжі»
II дәрежелі дипломдармен:
Байсеитова Рузья Тишбековна, «Балқаш қаласы Медициналық колледжі»
Сарсембаева Айнур Крымбаевна, Қарағанды облыстық жоғары медбикелер колледжі
Джумашева Алма Ескаировна, «Зоя Галымовна Мурзагулова атындағы «ДАНАЛЫҚ» Жоғарғы медициналық колледжі»
III дәрежелі дипломдармен:
Анарова Айнаш Абдунабиевна, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК
Бергенова Луиза Эдиссоновна, Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі
Жакипбаева Гульнар Ергабыловна, «Томирис» медициналық колледжі
Исаинова Аяжан Казыбековна, «Томирис» медициналық колледжі»
марапатталды.
Республикалық ғылыми – практикалық конференцияға қатысқан 20 оқытушыға Сертификаттар берілді.
Келген қонақтар мен конференцияға қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, сөз сөйледі. Соңында колледж директоры Тойкина Г.Ө келген қонақтар мен конференцияға қатысушыларға ризашылығын айтып, тілегін білдірді

28 ақпанда «Томирис» медициналық колледжінде арнайы пәндер циклі бойынша «Жүрек-өкпе реанимациясы. Десмургия. Жараларды алғашқы емдеу» мастер-класс өткізілді. Бұл мастер-класста «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенттері 3 ЛД топ, жетекшісі Ермагамбетова Римма Раильевна қатысты. Көрермендер колледж оқытушылары мен студенттері болды.

Бұл мастер-класстың міндеттері: студенттерге жүрек-өкпе реанимациясын көрсету дағдыларын, әртүрлі таңғыштарды қолдану ережелері мен әдістерін, сондай-ақ жараны алғашқы емдеуді жүргізу алгоритмін үйрету; студенттерді

адалдық, жұмыстағы ұқыптылық, манипуляцияларды орындау кезіндегі жауапкершілік сияқты кәсіби қасиеттерге тәрбиелеу; пациенттерге мұқият, мейірімді болу; оқушылардың психикалық белсенділігін дамыту (талдау, дәлелдеу, жауапты жоспарлау, қорытынды жасау); дербестікті, өзіне деген сенімділікті дамыту; болашақ фельдшердің негізгі құзыреттіліктерге сәйкес маман ретінде жүйелі ойлау қабілетін қалыптастыру.

Осы мастер-класс үшін таңдалған тақырыптардың өзектілігі мынада: кенеттен болатын кардиологиялық өлім әлемдегі өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Ересектердегі ең көп таралған этиологиясы жүрек-қан тамырлары аурулары, жарақаттар және жарақаттар болып табылады. Жараларды уақтылы емдемеу салдарынан жараның ұзақ жазылуына, мүгедектікке, кейде жәбірленушінің өліміне әкелетін асқынулар пайда болады.

Оқушылар барлық тапсырмаларды орындау алгоритмдерін толық көрсетті.

«Денсаулықты нығайту жалпы гигиена негіздерімен»

пәнінен ашық сабақ

2022 жылдың 25 ақпанында арнайы пәндері оқытушысы Сағындық Жанбота Қонысқызы 2ЕіБ «Емдеу ісі» тобында «Салауатты өмір салты» тақырыбында Денсаулықты нығайту жалпы гигиена негіздерімен пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабаққа қатысқан әріптестер сабақ құрылымының әдістемелік сауаттылығын, сабақтың жоғары деңгейде өткенін, оқытудың интерактивті әдістерін қолдануын, оқушылар мен мұғалім арасындағы тамаша өзара түсіністік атмосферасын атап өтті.

Сабақта оқушылар 3 топқа бөлініп, топта бірігіп, «Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсер» тақырыбында практикалық тапсырмалар орындады.

Сабақ жақсы әдістемелік деңгейде өтті, барлық тапсырмалар қызықты болды. Сабақтың барлық мақсаты мен міндеттеріне оқытушы қол жеткізді.

Туберкулездің алдын алу мәселесі

2022 жылғы 24 ақпанда «Томирис» медициналық колледжінде Тәжірибе алмасу апталықтың аясында қалалық №3 емхананың мамандарымен бірлескен «Туберкулездің алдын алу» айлығының басталуына байланысты акциясы өтіп, Бейсенова Н.Б. оны басқарды.

Қалалық емхананың қоғамдық байланысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Жиенбаева А.К., алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Протченко Н.П., салауатты өмір салтының үйлестірушісі Зябликова И. М. және басқа да мамандарымен студенттердің кездесуі өтті. Емхананың дәрігері Нурмагамбетов А. туберкулездің алдын алу жайлы ақпараттарға тоқталды.

Туберкулездің алдын алу шарасында колледж студенттері арасында өткізілген суреттер байқауының нәтижесі анықталып, 1-2-3 орындарға ие болған жеңімпаздар марапатталды. Емхана мамандары-психолог, акушер-гинеколог, әлеуметтік қызметкер, салауатты өмір салтының маман-дәрігері студенттерге өз кеңестерін беріп, сауалнамаларын өткізді. Сонымен бірге өкпе жұмысын жақсарту мақсатында көрсетілген қозғалысты жаттығуларға кездесу қатысушылары қосылып, флэшмобпен аяқталды.

Осы күнгі шараның аясында колледж оқытушыларымен емхана мамандары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Емхана мен колледждің байланысын одан әрі арттыру мақсатында келешекте студенттердің денсаулығын нығайту, медициналық тексерулерді толық өткізу, алдын алу шараларын жиі өткізу, екпе мәселелері қарастырылды. Кездесу алдағы уақытта екі жақты перспективті жоспарлар құрумен тамамдалды.

«Үдемелі стенокардия ұстамасы кезіндегі жедел көмек»

тақырыбында рөлдік ойын өтті

22. 02. 2022 жылы арнайы пәндері оқытушылары Каирбекова Д. М., Баймулдинова Н. К. 3 ЕІ Б тобында «Үдемелі стенокардия ұстамасы кезіндегі жедел көмек» тақырыбында ашық сабақ – рөлдік ойын өткізілді.

Сабақтың мақсатында теориялық негізінде студенттердің жүрек ишемия ауруларының (ЖИА) клиникалық синдромдарын танып түсүнуі, ауырсыну синдромының критерилерін анықтауы, субъективті және объективті тексеру әдістерін қолданып, зерттеулерді жоспарлау, зертханалық талдаулардың көмегімен болжаулы және клиникалық диагноз қоя алуы мен қатар жедел көмек көрсету алгоритмін қолдану.

Сабақтың барысы бірнеше кезеңмен қарастырылды:

1. берілген ақпаратпен студенттерді таныстыру:

2. ойынның тапсырмаларын және оқу жаттығуларын бірге анықтау;

3. рөлдерді бөлу, ойынға тыңдаушыларды дайындау:

4. ойынды жүргізу, қатысушылардың рөлдерді орындауы;

Ойыннан кейін сабақты талдау кезінде:

1. ойындағы мәселелер мен жағдайларды анықтау;

2. ойынның реальды өмірге сәйкестігін анықтау және көрсету;

3. қатысушылардың ойын кезіндегі әрекеттерінің себептерін анықтау;

4. осы әрекет үлгілері реальды өмірде байқалатынын анықтау;

5. жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, ойында нені өзгерту қажет екенін ұсыну сияқты сұрақтар қарастырылды.

6. Ойынды ұйымдастыру үшін қолданылған материалдар: (Жедел Жәрдем қобдишасы- дәрі-дәрмек салынған, тонометр, фонендоскоп, ЭКГ аппараты, зембіл)