ТОЛЫҒЫРАҚ ОСЫ ЖЕРДЕ (сілтемені басыңыз)

Педагогикалық идеялар фестивалі!

2022 жылдың 18 ақпаны мен сәуір аралығында «Жалпы білім беру және әлеуметтік-экономикалық пәндер» циклдық әдістемелік орталығының оқытушылары Әкіміш Мәдина Ержанқызы және Исаинова Аяжан Қазыбекқызы қалалық колледждер педагогтарының арасында өткен Педагогикалық идеялар фестиваліне қатысты. Фестивальді Нұр-Сұлтан қаласы Білімді жаңғырту орталығы мен Техникалық колледж  ұйымдастырып, өткізді.

Колледж оқытушылары фестивальдің «Үздік бейнесабақ» номинациясы бойынша қатысып, сертификаттармен  марапатталды.

Фестиваль қашықтықтан өткізілді, оған 100-ден астам оқытушы қатысты. Педагогикалық идеялар фестивалінің мақсаты колледж педагогтерінің педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.

«Менің мамандығым – менің мақтанышым!»

2021 ж. 29 қараша күні «Томирис» медициналық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты қалалық колледждер студенттерінің арасындағы байқауын ұйымдастырып өткізді. Байқауға қатысу нысаны: сырттай болды.
Байқау қазақ, орыс тілдерінде өткізілді. Байқауға 14 колледждерінің 44 студенті қатысып, 28 презентация, 16 бейнеролик номинациялар бойынша шығармашылық жұмыстарын тапсырды.
Қазылар алқасының төрайымы колледжінің атқарушы директоры Тойкина Гульнар Океновна, қазылар алқасы мүшелерінің ішінде әлеуметтік серіктестеріміз Досмухамбетова М. Т., Шаухарова С. Б, колледж оқытушылары Каирбекова Д.М., Әкіміш М.Е. және басқа сараптама тобының мүшелері болды. Байқаудың ұйымдастырушысы - директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Хасенова Слушаш Елеусизовна.
Қазылар алқасының сараптамасының қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды, оның ішінде 17 жүлделі орынға ие болған студенттер І,ІІ,ІІІ дәрежелі Дипломдармен, 27 студент Сертификаттармен марапатталды. Қорытынды шығару нысаны Microsoft Teams платформасы, on-line режимде өтті.

«Бейнеролик» номинациясы бойынша жеңімпаздардың тізімі:
№ Оқу орнының атауы Қатысушының аты-жөні Нәтижесі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК Нартай Нұрболат,
Миралхан Сапаралы 1 орын
М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі Ерланұлы Ерсайын
1 орын
Басқару колледж
Руслан Айдаров,
Валерия Касьян,
Жапаров Исмаил 1 орын
«З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ Мендубаева Райхан 2 орын
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК Хавимолда Ғанибет 2 орын
М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі Аманбек Нұрбек 2 орын
Балқаш көпсалалы колледжі. Балқаш қаласы Сәулебек Аружан 3 орын
ГКП на ПХВ "Высший колледж "ASTANA POLYTECHNIC" акимата города Нур-Султан Искендиров Ермұхан,
Баймульдин Адильбек 3 орын
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК Шакерхан Мади, Сейсенкул Куат, Жумашев Райымбек 3 орын

«Презентация номинациясы» бойынша жеңімпаздардың тізімі:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК» Нуркали Ерасыл 1 орын
ГКП на ПХВ «Сервис және туризм колледжі» Мусагитова Венера 1 орын
Балқаш көпсалалы колледжі Балқаш қаласы Лутошкин Евгений 2 орын
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК. Тен Алина
2 орын
«Томирис» медициналық колледжі Ускенбай Жансая 2 орын
«Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжі Мақсұт Алия 3 орын
Жамбыл жоғары медициналық колледжі Қайратқызы Нұрсәуле
3 орын
“Шипагер” медициналық колледжі мекемесі Жунисова Аружан
3 орын

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты  интеллектуалды ойын жеңімпаз командасын анықтады!

2019 жылғы 25 желтоқсанда  «Томирис» медициналық колледжінде «ЖББ ж ӘЭП» ЦӘК оқытушылары  ұйымдастырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: студенттердің танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту, студенттердің көкжиегін кеңейту болды. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» танымал зияткерлік-танымдық ойын түрінде  өткізілді.

Бірінші курстардан үш команда қатысты: 1ЛДтобынан «Ақ халатты адамдар», 1 МІ «Сұңқарлар» командасы және 1ЕІ - «Комета» тобы.

Ойын 5 турдан тұрды: визиткартасы, бәйге, аукцион, бейне сұрақ және үй тапсырмасы. Әр турда қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап берді және дұрыс жауаптары үшін бүкіл командаға ұпай алды. Сұрақтарды Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика, биология және математика пәндерінің оқытушылары құрастырды.

Жеңімпаз болып 1EІ тобының «Комета» командасы алға шықты. Ойын қатысушылар үшін де, көрермендер үшін де мазмұнды әрі қызықты болды. Іс-шараны дайындаған оқытушылар:Омарова М.А. - информатика пәні оқытушысы, Кенжеханова А.Р - Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы, Қошаева П.К.- биология пәнінің оқытушысы, Әкіміш M.E. – педагог-психолог.

Олимпиада

                                                                                    Қазақстан тарихы пәнінен олимпиадаға қатыстық

2019 жылдың  12 желтоқсан күні Сауда-экономикалық жоғары колледжінде «РуханиЖаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қалалық олимпиада өтті. Біздің колледжден тарих пәнінің оқытушысы А.Кенжеханова басқарған екі бірінші курс студенттері Бибалина Назгүл мен Қуандықова Сымбат қатысты, екі студент те жақсы нәтижелер көрсетті, бұл жолы 2 турға Қуандықова Сымбат өтіп, эссе жазып,  сертификатқа  ие болды.

Біз студенттерімізді  құттықтап, болашақта үлкен жетістіктерге жетулерін  тілейміз!

Теңдердің арасындағы үздіктер

2019 жылдың 29 қараша күні  4 курс студенттері Токтамысова Әйгерим, Лобан Ангелина арнайы пәндерінің оқытушысы Бейсенова Н.Б. басшылығымен 0301000 «Емдеу ісі»  мамандығы  0301013 «Фельдшер» біліктілігі бойынша  «Акушерство» пәнінен  Республикалық  online олимпиадаға қатысты.

Республикалық  online олимпиада «Қазақстанның  медициналық колледждер кеңесі» ОЮЛ және «Емдеу ісі»  мамандығы бойынша ОӘБ –ң жоспарлары негізінде ұйымдастырылған, оған ҚР медициналық колледждерінің түлектері қатысты.

Олимпиада компьютерлік тестілеу түрінде өткізіліп,  30 сұрақтан тұрды.Біздің студенттеріміз білімдерін жақсы деңгейде көрсете алып,   сертификаттармен марапатталды.

«Гиппократ» олимпиадасы

«Гиппократ» республикалық қашықтық олимпиада сәтті өтті!

 2019 жылдың қараша айында «Томирис» медициналық колледжінің студенттері «Urker mitec» зияткерлік орталығы «IQ college» жобасының аясында медицина саласында білім алып жатқан студенттерге арналған «Гиппократ» жыл сайынғы республикалық қашықтық олимпиадасына қатысты. Бұл олимпиада медициналық колледжінің білім алушыларына арналған.

Аталған олимпиада медицина жайлы барлық ғылымды қамтиды, оның ішінде медицина теориясы және практикасы, тарихы, қазіргі заманғы медицина, биология, химия, анатомия, физиология және т.б.Тапсырмалар танымдық әрі шығармашылық сипатқа ие болды.

Колледждің 28 студенті қатысып, жүлделі орындар мен сертификаттарға ие болды.Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен, олардың ғылыми жетекшілері Мақтау қағаздармен марапатталды: 1-ші  дәрежелі дипломдармен  3 студент, 2- ші дәрежелі дипломдармен  10 студент, 3-ші  дәрежелі дипломдармен  12 студент және 3 студент Мақтау қағаздарымен  марапатталды. Ғылыми жетекшілеріне  – оқытушылар Бейсенова П.Б., Жакипбаева Г.Е., Жарылқасын А.Е., Қошаева П.К. және Хасенова С.Е. Алғыс хаттар табыс етілді.

«Тіл –ұлт байлығы!»

«Тіл –ұлт байлығы!» фестивалі сәтті өтті!

2019 жылдың 20 қыркүйегінде «Томирис» медициналық колледжінде Қазақстан халқының тілдер күні мерекесі және Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған  іс-шара өткізілді. 1 және 2-курс студенттері Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай қабырға газеттерін шығарып, байқау ұйымдастырылды. «Тіл–ұлттық басты негізі» тақырыбында қызықты деректер, слайдтар ұсынылды. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасын «Томирис» медициналық колледж студенттері жалғастырды.

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі мен Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Тіл–ұлт байлығы!» фестивалінде әр топтан 3 студент қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Абай өлеңдерін оқыды. Абай Құнанбайұлының әндері орындалды. Абай өмірінен көрініс көрсетілді. Іс-шараның өткізген қазақ тілі оқытушысы Муратбекова Г.А. және орыс тілі оқытушысы Елиупова С.С.

Оқытушылар олимпиадасы

2019 жылдың 16 – 20 қыркүйегі аралығында колледждің 9 оқытушысы  «Urker mitec» зияткерлік орталығы ұйымдастырған колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық қашықтық олимпиадасына қатысты.

Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық олимпиадасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін және кәсіби-педагогикалық қызметіне қажетті білім деңгейін, біліктілігін анықтауға бағытталған.

Аталған олимпиадада барлық қатысқан оқытушылар: Ембергенова А. М., Бейсенова Н. Б., Оспанова А. О., Кенжеханова А. Р., Кошаева П. К., Нурмагамбетова Ж. А., Окен Д. Н. Сертификаттармен марапатталып, ал олимпиада жеңімпаздары: Жакипбаева Гульнар Ерғабыловна 1 дәрежедегі дипломмен, Жарылкасын Айгерим Есболатқызы 3 дәрежедегі дипломмен, Мақтау қағаздарымен марапатталды.