Туберкулездің алдын алу мәселесі

2022 жылғы 24 ақпанда «Томирис» медициналық колледжінде Тәжірибе алмасу апталықтың аясында қалалық №3 емхананың мамандарымен бірлескен «Туберкулездің алдын алу» айлығының басталуына байланысты акциясы өтіп, Бейсенова Н.Б. оны басқарды.

Қалалық емхананың қоғамдық байланысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Жиенбаева А.К., алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Протченко Н.П., салауатты өмір салтының үйлестірушісі Зябликова И. М. және басқа да мамандарымен студенттердің кездесуі өтті. Емхананың дәрігері Нурмагамбетов А. туберкулездің алдын алу жайлы ақпараттарға тоқталды.

Туберкулездің алдын алу шарасында колледж студенттері арасында өткізілген суреттер байқауының нәтижесі анықталып, 1-2-3 орындарға ие болған жеңімпаздар марапатталды. Емхана мамандары-психолог, акушер-гинеколог, әлеуметтік қызметкер, салауатты өмір салтының маман-дәрігері студенттерге өз кеңестерін беріп, сауалнамаларын өткізді. Сонымен бірге өкпе жұмысын жақсарту мақсатында көрсетілген қозғалысты жаттығуларға кездесу қатысушылары қосылып, флэшмобпен аяқталды.

Осы күнгі шараның аясында колледж оқытушыларымен емхана мамандары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Емхана мен колледждің байланысын одан әрі арттыру мақсатында келешекте студенттердің денсаулығын нығайту, медициналық тексерулерді толық өткізу, алдын алу шараларын жиі өткізу, екпе мәселелері қарастырылды. Кездесу алдағы уақытта екі жақты перспективті жоспарлар құрумен тамамдалды.