«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» байқауы өтті

2021 жылғы 14 желтоқсан күні тарих пәні оқытушысы Исаинова А.Қ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» атты 1 ЕІВ,1ЕІГ топтары арасында байқау - сабақ өткізді. Жарыс 5 бөлімнен тұрды: 1 - бөлім «Бәйге» - онда берілген уақытта берілген сұрақтарға шапшаң әрі тез жауап беру керек, 2 - бөлім «Көкпар» - онда Отан, ел, жер туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу, 3- бөлім «Ғажайып әлем»- онда студенттер «Тарихи тұлға»,«Тарихи қала»,«Тарихи термин»,«Тарихи оқиға»,«Тарихи кесене»,«Тарихи жыл» осы тақырыптармен сұрақтар ашылып, таңдаған топ жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беру керек болды, ал 4 -бөлім «Егер де мен.... директор болсам»,«Егер де мен білім министрі болсам»,«Егерде мен қала әкімі болсам» деген тақырыпқа берілген уақыт ішінде ұтымды ой айтқан студент бағаланды, ал соңғы кезең «Жорға»: топтарға таңдаған түсі бойынша ҚР тәуелсіздік жылдарындағы оқиғаларға байланысты сұрақтар қойылды.

Қазылар алқасы колледж оқытушылары Амангелдинова Д. М., Құттыбаева М., Әкіміш М. Е., болып әділ бағаларын бергенше, көрермендермен де Тәуелсіз Қазақстан туралы сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Сабақтан студенттер көп мағұлматтар мен қатар жақсы көңіл-күймен Тәуелсіз Қазақ еліне тілек білдірді.