13.10.22ж. колледжде бірінші курс студенттеріне арналған дәстүрлі мереке –студенттік қатарға қабылдау рәсімі өтті. 1 курс студенттерін құттықтау  сөзін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Нұрмағамбетова сөз сөйлеп, 1 курс студенттерін атаулы күнмен құттықтап, оқуларына табыс, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді.

       Мереке жоғары деңгейде өтті, ән шырқалып, би биледі. Мереке соңында дәстүр бойынша колледж студентінің ант сөзі шырқалып, одан кейін ұстаздар мен 1 курс студенттеріне арналған мерекелік концерт қойылды.       Колледж студенттері өткізілген шарадан өте үлкен әсер алды,кешті ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. 

                                     

     

      

«Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында студенттерді кітап оқуға ынталандыру мақсатында қазан айында Буккроссинг өткізілді. Бұл акцияға «Томирис» медициналық колледжінің 1-2 курс студенттері қатысты.

    Буккроссинг қатысушылары өздерімен бірге кітаптарды ала келді, содан кейін оларды зерттеп, өзара алмасты. Қалған кітаптар «Кітап достарын іздейді» сөреден өз орнын тапты.

 

30.09.22ж. Колледжде мұғалімдері күні – ерекше мереке. Әр адамның бойында сан ұрпақтың дүниетанымының, өмірлік ұстанымының іргетасын қалап, даналық пен әділеттілік үлгісіндегі ұстаздарымыз болмаса, шәкірт кім болар еді деген ойға жетелейтін мереке.

Бұл күні сабақ басталар алдында студенттер «тірі дәліз» жасап, мұғалімдерді музыка әуенімен, ду қол соғып қошеметпен қарсы алды.    Ұстаздар мерекесіне орай Жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелерімен ұйымдастырылған «Ұстазым, менің ұстазым!» атты мерекелік концерт өтті. Мереке таң қаларлықтай жылы және шынайы болды. Колледж директоры Тойкина Гүлнәр Окенқызы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасына амандық тіледі.

28.09.22ж. Отансүйгіштікке, Қазақстан Республикасының елордасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Астана қаласының көрікті жерлері туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында, топта ұйымшылдыққа тәрбиелеу үшін колледждің 1 курс студенттерімен «Астанамен жаяу» атты экскурсиясы өткізілді. Экскурсия барысында студенттер қаланың көрікті жерлерімен танысып,естелік суреттерге түсті. Экскурсия қызықты, көңілді өтті және олар экскурсиядан жақсы әсермен оралды.

 

«Томирис» медициналық колледжінде 1қыркүйек- «Білім күні» салтанатты түрде атап өтілді. Салтанатты жиынға ата-аналар комитетінің мүшесі Баянбаева Маржан Тлеубекқызы студенттер мен педагогикалық ұжымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап,оларға мол шығармашылық табыс тіледі. Салтанатты жиыннан кейін топ жетекшілері барлық топта «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаттары:

  1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс.
  2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру.
  3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау.