"Зарзаман ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары"

21 желтоқсан 2021 жылы Қазақстан тарихы пәні оқытушысы Исаинова А. К. "Зарзаман ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары" атты 1ЕІ Г тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақта оқытушы топты 4 топшаға бөліп, Зарзаман ағымы өкілдерінің шығармаларын зерттеп, сол кездегі оқиғаны суреттейтін шығармаларын тауып, оқып, талдап өз ойларымен бөлісті.

Әр топқа 3 тапсырмадан беріліп, критерийлерге сай жұмыс жүргізілді, топтар арасында кері байланыс жасалып, бірін - бірі бағалап, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.