Тәрбие жұмысы

Мақсаты: Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш, еңбекқор, қабілетті адам даярлауға бағыттау.

 

Міндеттері:

 

  1. Колледждің білім беру кеңістігінің ішкі әлеуметін дамыту, тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында дамушы білім беру ортасын жоспарлау және құрастыру;
  2. Білім беру жүйесінің барлық қатысушыларының – студенттердің, оқытушылардың, ата-аналардың, құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынасын нығайту және үйлестіру;
  3. Студенттердің рухани, интеллектуалды, ұлттық, отансүйгіштік және құқықтық тәрбиенің, кәсіби, көркем-эстетикалық, экологиялық, отбасылық тәрбиенің, салауатты өмір салты және денешынықтыру дамуының мазмұнын жақсарту;
  4. Студенттердің шағармашылық әлеуетінің жан-жақты дамуына жағдай жасау;
  5. Колледж және қалалық өмірде студенттік рөлді күшейту, студенттердің өзін-өзі басқаруын дамытуға ынталандыру.

 

Тәрбие жұмысының бағыттары:

 

  1. Патриотизм, азаматтық тәрбие және Мәңгілік Ел бағдарламасы;
  2. Құқықтық тәрбие
  3. Рухани – адамгершілік және көркем-эстетикалық, мәдениеттік және   көпұлттық тәрбие;
  4. Отбасы тәрбиесі;
  5. Зияткерлік білім беру және ақпараттық мәдени тәрбие;
  6. Экологиялық , экономикалық және еңбекке баулу тәрбиесі;
  7. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

 

Колледждің ішкі тәртіп ережесі

Колледждің ішкі тәртіп ережесі (.doc форматында жүктеу )