«Үдемелі стенокардия ұстамасы кезіндегі жедел көмек»

тақырыбында рөлдік ойын өтті

22. 02. 2022 жылы арнайы пәндері оқытушылары Каирбекова Д. М., Баймулдинова Н. К. 3 ЕІ Б тобында «Үдемелі стенокардия ұстамасы кезіндегі жедел көмек» тақырыбында ашық сабақ – рөлдік ойын өткізілді.

Сабақтың мақсатында теориялық негізінде студенттердің жүрек ишемия ауруларының (ЖИА) клиникалық синдромдарын танып түсүнуі, ауырсыну синдромының критерилерін анықтауы, субъективті және объективті тексеру әдістерін қолданып, зерттеулерді жоспарлау, зертханалық талдаулардың көмегімен болжаулы және клиникалық диагноз қоя алуы мен қатар жедел көмек көрсету алгоритмін қолдану.

Сабақтың барысы бірнеше кезеңмен қарастырылды:

1. берілген ақпаратпен студенттерді таныстыру:

2. ойынның тапсырмаларын және оқу жаттығуларын бірге анықтау;

3. рөлдерді бөлу, ойынға тыңдаушыларды дайындау:

4. ойынды жүргізу, қатысушылардың рөлдерді орындауы;

Ойыннан кейін сабақты талдау кезінде:

1. ойындағы мәселелер мен жағдайларды анықтау;

2. ойынның реальды өмірге сәйкестігін анықтау және көрсету;

3. қатысушылардың ойын кезіндегі әрекеттерінің себептерін анықтау;

4. осы әрекет үлгілері реальды өмірде байқалатынын анықтау;

5. жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, ойында нені өзгерту қажет екенін ұсыну сияқты сұрақтар қарастырылды.

6. Ойынды ұйымдастыру үшін қолданылған материалдар: (Жедел Жәрдем қобдишасы- дәрі-дәрмек салынған, тонометр, фонендоскоп, ЭКГ аппараты, зембіл)