Тәжірибе алмасу сәтті өтті!

2022 жылы 30 наурыз күні «Томирис» медициналық колледжі Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес «Медицина колледжі педагогтерінің арасында «Орта медициналық білімі бар мамандардың тәжірибелік даярлығының сапасы және оны жетілдіру жолдары» атты республикалық ғылыми –практикалық конференциясын ұйымдастырып, өткізді.
Конференцияға Қазақстан Республикасы және Нұр-Сұлтан қаласы медициналық колледждерінің оқытушылары қатысты.
Республикалық конференцияның құрметті қонақтары болып колледждің әлеуметтік серіктестері Көшербаева Ж.Ө., Қосшы қаласы "Жан Ұя" медициналық клиникасының аға медбикесі, Мусенов Е. Т., «№14 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директоры, Сагандыков Ж. К., «№11 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директоры, Капаева Ш. А., «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бас медбикесі және Исина Н.С., Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері шақырылды. Шақырылған қонақтар алғы сөздерін айтып, сәттілік тіледі.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Медицина қызметкерлерін даярлаудың заманауи аспектілері (медициналық колледждердің басшылары, басшылардың орынбасарлары, ОӘК төрағалары үшін);
2.Болашақ мамандарды кәсіби даярлау: факторлар, мәселелер, ізденіс (арнайы пән оқытушыларына арналған);
3.Теориядан практикаға. Жаңа буын мамандарын кәсіби даярлаудың ерекшеліктері (жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық пәндер мұғалімдеріне, колледж психологтарына)
Конференцияның пленарлық отырысын Нурмагамбетова Жанат Амантайевна, «Томирис» медициналық колледжі атқарушы директорының ОІ жөніндегі орынбасары ашып, Алғы сөз айту үшін колледждің атқарушы директоры Қазакстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Тойкина Гульнар Океновнаға және Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Исина Нагима Саткеновнаға сөз берді.
Қазылар алқасының мүшелері, хатшысы Исаинова А. Қ. және модераторлар Ембергенова А.М., Жакипбаева Г.Е., Каирбекова Д.М. конференцияның жұмысын қорытындылап, қатысушылардың баяндамаларын бағалады.
Колледждің ОӘЖ жөніндегі орынбасары Хасенова Слушаш Елеусизовна конференцияның критерийлеріне назар аударып, іс-шараға 10 медициналық колледжінің 36 оқытушысы қатысқаны жөнінде айтты, оның ішінде Нур-Сұлтан қаласының 6 колледжінің педагогтары және 4 педагог ҚР-ң медициналық колледждерінен өтінім жіберді. Қатысқан педагогтардың саны 36 болды, оның ішінде 12 педагог тікелей (оффлайн), 9 оқытушы онлайн қатысты және 17 мақала тек конференция жинағында жариялану үшін жіберілді.
Қазылар алқасы сараптамасының қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері:
I дәрежелі дипломдармен:
Сейдахметова Баян Аскаровна, «Шипагер» медициналық колледжі;
Жаупанова Зубайда Жумабековна, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК
Магауин Женис Тезекбаевич, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжі»
II дәрежелі дипломдармен:
Байсеитова Рузья Тишбековна, «Балқаш қаласы Медициналық колледжі»
Сарсембаева Айнур Крымбаевна, Қарағанды облыстық жоғары медбикелер колледжі
Джумашева Алма Ескаировна, «Зоя Галымовна Мурзагулова атындағы «ДАНАЛЫҚ» Жоғарғы медициналық колледжі»
III дәрежелі дипломдармен:
Анарова Айнаш Абдунабиевна, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК
Бергенова Луиза Эдиссоновна, Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі
Жакипбаева Гульнар Ергабыловна, «Томирис» медициналық колледжі
Исаинова Аяжан Казыбековна, «Томирис» медициналық колледжі»
марапатталды.
Республикалық ғылыми – практикалық конференцияға қатысқан 20 оқытушыға Сертификаттар берілді.
Келген қонақтар мен конференцияға қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, сөз сөйледі. Соңында колледж директоры Тойкина Г.Ө келген қонақтар мен конференцияға қатысушыларға ризашылығын айтып, тілегін білдірді