Алдын-ала сақтану

Колледж қабырғасында №3 қалалық емханасының маманы біірінші курс қыздарына арналған «ЖЖБИ және мерзімнен бұрын жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараны мақсаты:студенттердің репродуктивті денсаулығын қамтамасыз ету, ЖЖБИ және мерзімінен бұрын жүктіліктің алдын алу. Семинар барысында салауатты өмір салты, ЖЖБИ алдын алу, репродуктивті аурулардың алдын алу, аурудың белгілері туралы ақпарат айтылды.

Оқу семинары

Кезекті әдістемелік кеңестін жоспары бойынша оқу семинары өтті, «оқу процесінде және ғылыми жұмыс барысындағы интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» тақырыбында.  Оқу семинарында колледж оқытушылары қатысты. Иннновациялық әдістердің негізгісінің бірі- интербелсенді оқыту әдісі, бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылатын. Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті екенін, колледж оқытушылары  алған ақпаратты оқу және ғылыми жұмыс барысында қолданатын атап кетті. Колледж оқытушылары оқу семинарында белсенді қатысты.

ЖШС «Томирис» медициналық колледжінің жылдық қорытындысы

Тілдер күніне арналған Астана қаласы  әдістемелік орталығының ұйымдастырумен  «Қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесі» республикалық байқау қалалық кезеңі өтті, колледжден  қазақ тілі пәнінің оқытушысы Әбіш Алуа Ердосқызы қатысты, байқау қорытынды бойынша сертификат ие болды.

Астана қаласы әкімдінің «Әдістемелік орталығының» МКҚК , Білім басқармасы білім беру қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен, Техникалық және кәсіптік, орта білімнінен кейінгі білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған «Үздік жас педагог» қалалық байқауына Әбіш Алуа Ердосқызы қатысып сертифкатпен марапатталды.

Ұстаздар күні аясында колледж оқытушылары Жакипбаева Г.Е., Оспанова А.О., Хасенова С.Е., Әбіш А.Е., Ембергенова А.М. Астана қаласының білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

28-29 қараша күндері Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мекемесі дәстүрлі түрде Астана қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған «ASTANA DEBATE CUP - 2023» пікір-сайыс турнирі өтті. Турнирге «Томирис» медициналық колледжінің 2курс студенттері «Тәуелсіз қыздар» тобының мүшелері Адилханова Рахиля мен Сарсенова Алия І орынға ие болып Диплом және Кубок табысталды. «Ең үздік ойыншы» атанып, Кубок беріліп, Дипломмен марапатталды. Сонымен қатар «Әкім кубогінен» І-орынға ие болып Кубок және диплом берілді. Одан басқа, қыздарға ақшалай сыйлық ретінде сертификаттар табысталды.
3 курс студенті Руслан Рауан осы ойында «Үздік төреші» атанып, дипломмен марапатталды.

Астана қаласы әкімдінің «Әдістемелік орталығының» МКҚК ұйымдастырумен, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының инновациялық жұмыстарының қалалық байқауны колледж оқытушылары Баймулдинова Н.К. Ералина А.Е., Амангалиева Г.А. өз тәжірибелерімен бөлісіп, сертификатка ие болды. 

Ембергенова А.М.,  және Баймулдинова Н.К. жетекшілігімен «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Жаңа формация медбикесі» тақырыбында халықаралық қатысумен Республикалық марафон өтті, марафонды ұйымдастырушы «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС байқау қорытыныдысы бойынша  Исаева Инара 2-дәрежелі диплом, Серққан Алуа 3-дәрежелі диплом, Абуова Гаухар мен Сапар Сабина- сертификатпен марапатталды.

Республика күніне орай директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Оспанова А.О. «Астана жастары» ЖРО КММ алғыс хаты және Астана қаласының М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының мектепшілік және студенттік Парламент орталығының алғыс хатымен марапатталды.

Омск мемлекеттік медициналық университетінің ұйымдастырумен, колледж оқытушылары Ералина А.Е., Шерәліқызы Г. авторлық әдістемелік әзірлеу халықаралық байқауы қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

«Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, ұйымдастырған Маңғыстау облысының  білім  басқармасы  «Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы маңғыстау жоғары  педагогикалық колледжі» МКҚК. Қатысушылар: Құттыбаева М.С., Ералина А.Е.

Ермагамбетова Р.Р. Нурмагамбетова Ж.А. Баймулдинова Н.К. жетекшілігімен 3 курс студенті Амангалиева Диана Талгатбековна Қазақстан Республика медициналық колледждерінің 3 курс студенттері арасында «Терапиядағы, хирургиядағы, педиятриядағы шұғыл жағдайлар» Республикалық онлайн олимпиадаға қатысып, сертификатка ие болды.

 

25 қазан-Республика күніне орай “Томирис “ медициналық колледжінде, студенттер арасында патриотизм мен адамзаттық сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында “Әнұран айту” челленджі орындалды

Ағымдағы жылдың 26 қазан мен 2 қараша аралығында республика аумағында «Мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында «Томирис» медициналық колледжінің студентеріне Астана қаласы «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Д.К. Саттарова Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлерімен және колледж ұстаздарымен бірлесіп құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мақсатында дәріс оқыды.