Биология пәнінен ашық сабақ

2021 жылдың 23 желтоқсанында "Жалпы білім беру және әлеуметтік-экономикалық пәндері" ЦӘК оқытушысы Амангелдинова Дамира Кусмановна «Емдеу ісі» бөлімі 1ЕІБ тобында биология пәнінен «Нуклеин қышқылдары:ДНҚ және РНҚ» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабаққа қатысқан әріптестері сабақтың жоғары тығыздығын, әдістемелік сауаттылықты, интерактивті оқыту әдістерін толық пайдалануды, студенттер мен оқытушы арасындағы тамаша өзара түсіністік атмосферасын атап өтті. Медициналық колледжінің студенттеріне биология пәні іргетас болып табылады

Информатика пәнінен ашық сабақ сәтті өтті!

2021 жылдың 27 желтоқсанында "Жалпы білім беру және әлеуметтік-экономикалық пәндер" ЦӘК оқытушысы Ерден Ерхан Ерболатұлы "Power Point бағдары туралы жалпы түсінік" тақырыбында 1ЕІВ "Емдеу ісі" тобында информатика пәні бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақта студенттер 3 топқа бөлініп, топта бірігіп практикалық тапсырмалар орындады: презентация, жобалар жасап, қорғады.

Сабақ жақсы әдістемелік деңгейде өтті, барлық тапсырмалар қызықты және уақыт бойынша хронологиялық есептелді. Сабақтың барлық мақсаты мен міндеттеріне мұғалім қол жеткізді.

23.12.2021 жылы ағылшын тілі оқытушысы "Ағылшын тілі» пәні бойынша «Multiple of intelligences» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың түрі: жаңа білім, дағды және біліктілік беру сабағы.

Мақсаты:

Біліктілік: Интеллектің түрлері туралы ақпарат беріп, білімдерін нығайту.

Дамутышылық: есту, оқу, есте сақтау, сөз байлығы қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ағылшын тіліне сүйіспеншіліктерін арттыру.

Ашық сабақ 1ЕІ А тобының студенттерімен өткізілді. Сабақ барысында студенттер жаңа тақырыпты бекітуге бағытталған түрлі тапсырмаларды орындады: ағылшын тілінде сөйлеу, тыңдау және оқу дағдыларын дамыту, сұрақтарға жауап беру, бейнетаспа және презентация көру.

Студенттер сабақ барысында белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, тапсырмаларды дұрыс орындады. Сабақ соңында студенттерге қорытынды бағалар қойылды.

Уақыт ұтымды бөлініп, барлық тапсырмалар орындалды. Сабақ қойылған мақсатына жетті.

Орыс тілі сабағы сәтті болды

2021 жылдың 23 желтоқсанында «Жалпы білім беру және әлеуметтік-экономикалық пәндер» ЦӘК оқытушысы Әкіміш Мәдина Ержанқызы орыс тілінен "Емдеу ісі" 1ЛД тобында «Виды сложносочиненных предложений. Профессии в биотехнологии» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ топтық технология негізінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дамыта оқыту технологиясына негізделген болды.

Ойлау, есте сақтау, зейінді дамытуға бағытталған оқу-танымдық міндеттер қойылды. Барлық мақсаттар мен міндеттер іске асырылды.

Сабақ тиісті деңгейде өтті

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл

2021 жылдың 10 желтоқсан күні тарих пәнінің оқытушысы Омарова Кенжегүл Ақмышқызы колледж әкімшілігінің қатысуымен 1ЛД және 1СД топтарында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» тақырыбында дәріс-пікірталас өткізді.

Сабақ барысында еліміздің тәуелсіздік алуы қаншалықты қиын болғаны, Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының қаһармандары аталып, олардың ауыр халі, адал есімді қалпына келтіру туралы айтылды.

Сабақ тәрбиелік сипатта болды. Студенттер белсенді қатысты: презентациялар жасады, қызықты мәліметтермен бөлісті, желтоқсан оқиғасы кезінде Алматы қаласында тұрған колледж директоры Тойкина Г.О. сөз сөйледі.

Студенттер сабақтан үлкен әсер алды.