Мамандық  030200 0 «Мейіргер ісі»

Біліктілік 030204 3 «Жалпы тәжірибе мейіргері»

9 сынып базасы бойынша – 3 жыл 10 ай, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде.

11сынып базасы бойынша – 2 жыл 10 ай, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде.

                                                                     

Мейіргер емдеу-алдын алу мекемелерінде, балалар, мектепке дейінгі мекемелерде нұсқаулықты орындау үшін және денсаулықты сақтау, нығайту және ескертуге бағытталған алдын-алу шараларын жүргізу үшін білім алады.

Мейіргер – мейіргер ісі саласының маманы, емдеуші дәрігердің кәсіби көмекшісі. Мейіргердің міндеті оның жұмыс істеу ортасына байланысты. Мысалы, емханада мейіргер дәрігердің науқастарды қабылдау барысына көмектеседі. Бұл учаскелік мейіргер. Туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде, сондай-ақ әйелдер және балалар консультациясында патронаж мейіргері жұмыс істейді.

                                    

Физиотерапия кабинетіндегі мейіргер УВЧ аппаратының,ультрадыбыс, электрофорез және басқа да арнайы құрылғылар көмегімен емдеу процедураларын жүргізеді.

Процедуралық мейіргер ине салады, көк тамырдан қан алады, капельницаларды қояды. Мұның барлығы жай ғана процедура емес – ол жоғары біліктілікті және шеберлікті талап етеді.

Палата мейіргері – дәрілерді таратады, компресс, банка, клизма қояды, ине салады. Сондай-ақ ол дене қызуын, қан қысымын өлшейді және  емдеуші дәрігерге әрбір науқастың көңіл-күйі туралы баяндап отырады. Әрбір пациенттің денсаулығы палата мейіргерінің жұмысымен тығыз байланысты. Жақсы ауруханаларда палата мейіргерлері (кіші мейіргер және қараушы көмегімен) әлсіз науқастарда ойық жарасы болмау үшін  күтеді: тамақ береді, жуындырады, төсек орнын, іш киімін ауыстырады. Палата мейіргеріне салғырттық пен ұмытшақтыққа жол берілмейді.

Операция бөліміндегі мейіргер хирургқа көмектеседі және операция бөлімінің жұмысқа үнемі дайындығына жауап береді. Болатын операцияға қажетті барлық құралдарды, таңу және тігу материалдарын дайындайды, олардың зарарсыздандырылғандығымен қамтамасыз етеді, аппаратураның дұрыстығын тексереді. Операция кезінде дәрігерге көмектеседі, құралдар мен материалдарды беріп тұрады. Дәрігер мен мейіргердің бірлескен жұмысы операцияның нәтижелі болуына әсерін тигізеді. Бұл жағдайда тек білім мен дағды ғана емес, сондай-ақ жылдамдық пен жүйке беріктігі де көп әсер етеді. Құралдарды зарарсыздандыру үшін оларды зарарсыздандыру бөліміне  апарады. Ол жерде жұмыс істейтін мейіргер арнайы құралдарды басқарады, олар: бумен жұмыс істейтін құралдар, ультракүлгін камералар, автоклавтар және тағы басқа.

Аға мейіргер аурухана мен емханада жұмыс істейтін барлық мейргерлерді басқарады. Аға мейіргер бөлімге тән жұмыстың бәрін білу керек.

Күтім бойынша кіші мейіргер мейіргердің басшылығымен жұмыс істейді, алғашқы медициналық және стационарлық көмекті көрсетеді, сондай-ақ мейіргерлік күтімді жүргізеді. Оның міндеті күтуші міндетімен ұқсас.

Мейіргер – дәрігердің көмекшісі, ассистенті, оның басты мақсаты – науқас адамдарға көмек көрсету.

       

Мейіргерге қандай қасиеттер тән?

  1. Адамгершілік: Аяушылық, мейірімділік, еңбексүйгіштік, нәзіктік, алғаұмтылушылық, жігерлік, шешімділік, қарапайымдылық, турашылдық, сезімталдылық, жауапкершілік, қайырымдылық, шеберлік, ұйымшылдық.
  2. Эстетикалық:жинақылық, тазалық, түңілушілікке мойынсынбау.
  3. Зияткерлік:алғырттылық, бақылағыштық, болған құбылыстың мәніне енуге, түсінуге талпыну.

 

Мейіргер ісінің принциптері:

  • ПАЦИЕНТТІ СЫЙЛАУ
  • ЗИЯН КЕЛТІРМЕУ
  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ
  • ӨЗІНЕ ЗИЯН КЕЛТІРМЕУ
  • АЙТҚАН СӨЗДЕ ТҰРУ
  • ӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛ БОЛУ

Біздің колледжде мейіргер мамандығын жоғары білікті оқытушылар дайындайды.


Мамандық030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілік030101 3 «Фельдшер»

9 сынып базасы бойынша – 3 жыл 10 ай, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде.

11сынып базасы бойынша – 2 жыл 10 ай, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Фельдшер жедел жәрдем қызметінде, фельдшерлік-акушерлік пункттерде, ірі кәсіпорындардың денсаулық сақтау пункіттерінде, көлдерде жүретін кемелер мен өзен көліктерінде жұмыс істей алады, теміржол денсаулық сақтау пункіттерінде, жедел жәрдем көрсету құрамының фельдшерлер бригадасында барлық жұмысқа жауап береді, ал дәрігерлер бригадасында болғанда дәрігердің нұсқаулығымен жұмыс істейді.

                                        

Міндеттері:

Медициналық жедел жәрдемде жедел көмек көрсетеді. Фельдшерлік-акушерлік пункттерде емдеу - алдын-алу және санитарлық-алдын-алуды жүргізеді, жедел аурулар кезінде медициналық көмек көрсетеді. Участокқа қатысты жеке тұрғындарды есепке алуды жүргізеді және участок бойынша өз қызметін жоспарлайды. Пациенттерді тексерілуге дайындайды және маман-дәрігерлер кеңесіне жібереді. Науқастарға амбулаториялық қабылдау жасайды және олардың үйіне барып та қарайды. Аурудың диагностикасын, емін және алдын-алу жолдарын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетеді, хирургиялық манипуляциялар кезінде дәрігерге ассистент болады, физиологиялық босану барысына қатысады.

Фельдшер мамандығы интеллектуалды, физикалық және жүйке-психикалық күш-жігерді талап етеді. Бұл қызмет кәсіби маманнан іске толығымен берілгендікті, ашық қарым-қатынасты және жанашырлық қасиетті, сондай-ақ басқа адамның қызығушылық қабілетін түсінуді талап етеді.

Мамандықтың болашағы:

Фельдшер (фельдшер-акушер) денсаулық сақтау пункттерінде меңгеруші, аға фельдшер бола алады.


Специальность 030100 0 «Лечебное дело»

Мамандық030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілік 030102 3 «Акушер (-ка)»

11сынып базасы бойынша – 2 жыл 10 ай, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде.

                                       

Акушерка- жүкті әйелдерге және босану кезінде аналарға көмек көрсетуді жүргізетінорта медицина қызметкері.

«Акушерка» сөзі француздың «accoucheur» деген сөзінен шыққан, мағынасы босану кезінде көмек көрсетуші адам. Акушердің міндеті – әйел және оның ұрпағының денсаулығын сақтау.

 

Акушер жұмысының мәні:

Акушер тек қана босану кезінде көмек көрсетіп қоймайды, сондай-ақ операция функциясын орындайды, палата және бала мейіргері, педиатр және психолог-неонатолог та  болады. Сонымен қатар маман акушерия бойынша күрделі медициналық құрылғыларды, дәрілерді, жедел көмек көрсету мен зерттеу тәсілдерін білу керек.

 

Акушерлер жұмыс істейтін жерлер:

Перзентханалар, әйелдер консультациясы, отбасын жоспарлау орталығы және тағы басқа.

 

Жеке қасиеттері:

  • Қайырымдылық
  • Жауапкершілік
  • Аяушылық сезімі