«Денсаулықты нығайту жалпы гигиена негіздерімен»

пәнінен ашық сабақ

2022 жылдың 25 ақпанында арнайы пәндері оқытушысы Сағындық Жанбота Қонысқызы 2ЕіБ «Емдеу ісі» тобында «Салауатты өмір салты» тақырыбында Денсаулықты нығайту жалпы гигиена негіздерімен пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабаққа қатысқан әріптестер сабақ құрылымының әдістемелік сауаттылығын, сабақтың жоғары деңгейде өткенін, оқытудың интерактивті әдістерін қолдануын, оқушылар мен мұғалім арасындағы тамаша өзара түсіністік атмосферасын атап өтті.

Сабақта оқушылар 3 топқа бөлініп, топта бірігіп, «Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсер» тақырыбында практикалық тапсырмалар орындады.

Сабақ жақсы әдістемелік деңгейде өтті, барлық тапсырмалар қызықты болды. Сабақтың барлық мақсаты мен міндеттеріне оқытушы қол жеткізді.