3 қараша 2017ж «Томирис» медициналық колледжінде «Күзгі бал» және «Бүгін студент-ертең маман» атты екі бөлімнен тұратын студенттік қатарға өту шарасы өтті. Шараға №11 қалалық ауруханасының бас дәрігері  Сагандыков Жаксылык Гариппулаевич мен аға мейірбикесі Каримова Роза Жаксылыковна шақырылды.

2017 жылдың 28 қазанында «Томирис» колледжінің студенттері  оқытушыларға  Мұғалімдер күніне мерекелік көңіл-күй сыйлады, олар кіре берісте құттықтау әндерімен жанды дәліз ұйымдастырды. Мерекелік шараның себепкерлері үшін бірінші курс студенттері  мерекелік концерт ұйымдастырды. Колледж директоры Г.О.Тойкина құттықтау сөздерін айтып, оқытушыларға алдағы уақытта  шығармашылық табыстар тіледі.

2017 жылдың 20-шы қазанында Томирис медициналық колледжінің «Мейірбике ісі» және «Емдеу ісі» мамандығының бірінші курс студенттері тарих пәнінің  оқытушысы Хасенова Сұлушаш Елеусізқызымен бірге  Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды.

2017 жылдың 11 қазанында «Томирис» медициналық колледжінің кітапханашысы Мұса Гүлжан Мұратқызы қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты сахналандырылған тәрбие сағатын  өткізді.