«Томирис» медицина колледжі Астана қаласының білім беру саласын бақылау Департаменті Білім беру және ғылым саласын бақылау Комитеті Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 23.01.2017 ж. №16 бұйрығы негізінде ашылды. Колледж жұмысының негізгі мақсаты сапа негізі – мемлекет қойған барлық талаптарға жауап беретін, нарықтың білім беру саласындағы бәсекеге қабілетті құзіретті мамандарды даярлау.

Иелену формасы – жекеменшік.

«Томирис» медицина колледжі білім беру Департаментінің №KZ57LAA00008099 23.01.2017 ж.берілген қызмет атқару мерзімі шексіз мемлекеттік лицензиясы және 0301000 «Емдеу ісі»  и 0302000 «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша берілген лицензияға қосымша негізінде білім беру қызметін атқарады. Мемлекеттік үлгідегі дипломы.

Арнайы пәндер бойынша тәжіриибелік сабақтарды, оқу және өндірістік тәжірибелерді өткізіп отыру үшін қаланың емдеу-профилактикалық мекемелерімен колледж келісімшарт жасасты.

Оқу процесін бағдарламаға сәйкес жетілдірудің міндетін негізге ала отырып сапалы білімді студенттерді даярлау үшін оқу процесіне құзіреттілікті жетілдірудің негізінде оқытудың белсенді әдістерін, замануи IT технологияларды пайдалану, тәжірибелік дағдыны қалыптастыратын орталықты құру.

Оқыту тілі – қазақ және орыс тілінде. Оқыту күндізгі, іштей формасы бойынша негізгі және жалпы орта білім базасы негізінде жүргізіледі.

Мамандықтар бойынша оқыту бағдарламасы орта медицина қызметкерлерін жоғары кәсібижеке тұлға болып қалыптасуына бағытталған және «Томирис» медицина колледжінің мақсаттарына негізделген.