Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

 

 

Оқу- әдістемелік жұмыстың бағыттары:

 

 

2018-2019 оқу жылында

 өткізілген ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар жөнінде мәлімет:

 

  • Ашық сабақтар – 8
  • Дебат ойыны       - 4
  • Олимпиада - 1
  • Әдеби-сазды кеш - 2
  • Интеллектуалдысайыс- 3
  • Қабырға газеті  байқауы- 2
  • Дөңгелек үстел  - 2
  • Оқу конференциясы – 1

 

2018-2019 оқу жылы оқытушылардың өткізген ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралары көрсеткіштерінің өсуін байқауға болады. Колледж оқытушылары табысты жұмыс атқарып, оқу-әдістемелік  жұмыс жоспарына сәйкес сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізіп отырды.

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылында

оқытушылардың конференциялар мен семинарларға қатысуы:

 

Колледж оқытушылары 2018-2019 оқу жылы қала, республика деңгейінде өткен семинарлар мен конференцияларға үнемі қатысып отырып, сертификаттар мен дипломдарға ие болды.колледждің  10 оқытушысы9 конференция, семинарларға қатысып,  дипломдар, алғыс хаттар менсертификаттарға ие болған. 7 оқытушы 28 дөңгелек үстел мен семинарларға қатысып, 14 сертификатқа ие болған. 

 

 

2019 жылдың  13 ақпан күні   Технология және бизнес колледжінде  «Ғылым.Білім.Жастар» атты V қалалық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің арасында ғылыми - тәжірибелік конференция өткізілді. Оған колледж оқытушылары – ғылыми жетекшілері мен студенттер қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Муйнанова А. - III орын Диплом (жетекшісі Мухажанова Б.Ш.),   Тажбаева С. - II орын Диплом (жетекшісі Мухажанова Б.Ш.),   Сартаева Р.- І дәрежелі Диплом (ғылыми жетекшісі Махумова М.Б.).

 

 

«Үздік анатом» атты алғашқы қалалық интеллектуалды байқау

          2019 жылдың 1-ші  наурызында  Астана қаласының «Томирис» медициналық колледжіндеқалалық медициналық колледждері студенттерінің арасында «Үздік анатом»атты интеллектуалды байқау өткізілді.

        Байқауға  әділқазылар алқасының  төрайымы болып м.ғ.к. Күзенбаева Әмина Оспановна, «Астана»  Медициналық университетінің  аға оқытушысы, «Адам анатомиясы» оқулығының авторы, әділқазылар алқасы мүшелері - әлеуметтік серіктес өкілдері болды: № 11 Астана қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Мусенов Ерлан Тастанбекович, Онкологиялық орталықтың  аға медбикесі Серикбаева Жанара Жолдасбековна байқау кезеңдері бойынша сайыскерлердің әділ бағаларын берді.

«Үздік анатом» интеллектуалды байқауының жеңімпаздарды: «Томирис»медициналық колледжінің студенті Қожахметов Айдарханға І орын, «Даналық» медициналықколледжінің студенті Сагидуллаева Акерке ІІ орын, «Жоғары медициналық колледжі» студенті Сақыпжан Назым ІІІ орынға  ие болды. Астана қаласының «Білім беруді жаңғырту орталығының» әдіскері Көшербай  Жанар Арнауытовна  қорытынды сөз сөйлеп, «Томирис» медицина колледжі ұжымына алғыс айтып,  жетістікке жете берулеріне тілек білдірді.

 

«Менің мамандығым – менің мақтанышым!» атты І-ші колледжішілік байқау

2019 жылдың 5 наурыз күні колледжімізде «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты колледжішілік  байқау  өткізілді. Байқаудың ұйымдастыру – колледж әдіскері Хасенова С.Е.

Байқау  келесідей номинациялардан тұрды: «Ең үздік эссе», «Ең үздік видеоролик», «Ең үздік комикс», «Ең үздік презентация».

Іс-шараға қатысқан 1-2 курс студенттердің саны – 24, олардың ішінен келесі студенттер Дипломдар мен Мадақтамалармен марапатталды:

«Ең үздік эссе» атты номинациясында жүлделі орынға ие болғандар:

І орын – Тажбаева Сағыныш

ІІ орын – Ибрагим Аружан

ІІІ орын – Омарова Айсенура

«Ең үздік бейнеоролик» атты номинациясында жүлделі орынға ие болғандар:

І орын – Жиянмурадова Ақмерей

ІІ орын – Калимжанова Айгерім, Раманқұл Сандуғаш, Қызыр Дина

ІІІ орын – Шерьязданова Тахмина, Туребаева Самал

  • «Ең үздік комикс» атты номинациясында жүлделі орынға ие болғандар:

І орын – Кальмухамбетов Бекзат

ІІ орын – Карбозова Карина, Карбозова Камила

ІІІ орын – Мамыр Ақбота

«Ең үздік презентация» атты номинациясында жүлделі орынға ие болған студенттер:

І орын – Жапарова Айнұр

ІІ орын – Қожахметов Айдархан

ІІІ орын – Сартаева Рания

 

 
 

 

 

 

«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша чемпионатқа қатысу

2019 жылдың 22 - 25 сәуір аралығында  2 «Мейіргер ісі» тобының  студенті Муйнанова Айкен World skills аумақтық чемпионатының  «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша қатысты.World skills аумақтық чемпионатының  «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша қатысқаны үшін колледж студенті  Муйнанова Айкен 3 орынға ие болып, күміс медаль мен Дипломмен марапатталды, ал колледж әкімшілігі атынан бағалы сыйлық табыс етілді.