Конференцияның 3 секциясы
"Орта медициналық білімі бар мамандарды практикалық даярлау сапасы және оны жетілдіру жолдары"

30.03.2022ж. "Томирис" медициналық колледжінің базасында "Орта медициналық білімі бар мамандарды практикалық даярлау сапасы және оны жетілдіру жолдары"тақырыбында Республикалық конференция өтті.
Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласының Білімді жетілдіру орталығының өкілдері, конференцияға қатысушылар және емдеу мекемелерінен әлеуметтік серіктестер шақырылды.
Қазылар алқасының төрағасы: Мусенов Ерлан Тастымбекұлы, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№14 қалалық емхана " МКК директоры
Мүшелері: Исаинова Аяжан Казыбековна, жалпы білім беретін пәндерінің оқытушысы, Негметжанова Нұргүл Зейнуллақызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Көлік және коммуникация жоғары колледжі" орыс тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушысы.
Модератор: Қайырбекова Д. М.
Хатшы: Әкім М. Е.
Конференцияға қатысушылар: Жұмадулладәулет Сәкенұлы, Омарбекова Аяжан Дәулетқазықызы, Мағауин Жеңіс Тезекбайұлы, Джумашева Алма Ескайырқызы, Сейдахметова Баян Асқарқызы, Есенғараева Алмагүл.
Модератор Қайырбекова Дана Манарбекқызы қатысушыларға сөз сөйлеп, қазылар алқасының мүшелерімен, регламентпен таныстырды.
Бірінші баяндаманы Мағауин Жеңіс Тезекбайұлы жасады, тақырыбы: "Сахарозаны рефрактометриялық әдіспен анықтау" (аналитикалық химия негіздері, "Worldskills Nur-Sultan" чемпионатына және республикалық кезеңге практикалық қатысу.) Екінші баяндамашы Джумашева Алма Ескаировна - "Даналық" колледжінің орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы. Баяндама тақырыбы "Әдебиет құралдарымен медициналық ойлауды қалыптастыру". Келесі баяндаманы " Шипагер " колледжінің оқытушысы Сейдахметова Баян Асқарқызы ұсынды. Баяндама тақырыбы "Жаратылыстану пәндерінде практикаға бағытталған оқыту және тиімді әдістерді қолдану арқылы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру".
Онлайн режимде, ZOOM платформасында "Республикалық медицина академиясының" оқытушылары Жумадулла Даулет Сакенович, баяндама тақырыбы "белсенді оқытуды қолдану мәселесі" және Есенгараева Алмагүл баяндама тақырыбы "Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың кәсіби бағыты"құжатымен сөз сөйледі.
Соңғы баяндаманы "Томирис" медициналық колледжінің оқытушысы, Исаинова Аяжан Қазыбековна "Тарихта түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы білім беру сапасын жетілдіру" ұсынды.
Қазылар алқасының шешімімен конференцияға қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды:
Жұмадулладәулет Сәкенұлы-1 дәрежелі дипломмен
Джумашева Алма Ескаировна-2 дәрежелі дипломмен
Исаинова Аяжан Қазыбекқызы-3 дәрежелі дипломмен
Сертификаттармен марапатталғандар: Жұмадулладәулет Сәкенұлы, Омарбекова Аяжан Дәулетқазықызы, Мағауин Жеңіс Тезекбайұлы, Джумашева Алма Ескайырқызы, Сейдахметова Баян Асқарқызы,Каирбекова Дана Манарбекона Есенғараева Алмагүл, Нұржанова Самал Дәулолқызы, Жұмадолла Ераулет Сәкенұлы, Омарбекова Аяжан Дәулетқазықызы марапатталды.

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның
1 бағыт «Медицина қызметкерлерін даярлаудың замануи аспектілері»

2022 жылдың 30 наурызда «Томирис» медициналық колледжде республикалық ғылыми - практикалық конференция өткізілді.
Осы 1 бағыт жұмысында денсаулық сақтау мекемелерден колледждің әлеуметтік серіктестер қатысты: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емханасы» МКҚ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№14 қалалық емханасы»МКҚ , Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 қалалық емханасы» МКК, Қарағанды облысының әкімдігінің "Балқаш қаласының медициналық колледжі" КМҚК, ШЖҚ «Батыс-Қазақстан жоғары медициналық колледжі»МКҚ , Нұр-Сұлтан қаласы «Шипагер» медициналық колледжі.
Оқу мекемелердің мүшелері өз баяндамаларында орта білімді медициналық қызметкерерді даярлау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Арнайы пәндерде оқыту кезеніңде студенттердің клиникалық ой қабілетін және коммуникативті дағдыларын арттыру үшін оқытудың замануи технологияларын көрсетіп ұсынылды.
Денсаулық сақтау мүшелері әділқазылар алқасы ретінді баяндамаларды бағалап шешімге келді:
I орын – Сейдахметова Б.А., «Ғылыми-зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыру - заманауи мамандарды даярлаудың негізі», Нұр-Сұлтан қаласы «Шипагер» медициналық колледжі;
II орын -Байсеитова Р.Т.«Современные аспекты организации практической подготовки обучающихся в медицинском колледже города Балхаш» , Қарағанды облысының әкімдігінің "Балқаш қаласының медициналық колледжі" КМҚК;
III орын- Бергенова Л.Э. «Современные методы преподавания специальных предметов «Микробиология, вирусология с техникой микробиологических исследований» и «Акушерство и гинекология», ШЖҚ «Батыс-Қазақстан жоғары медициналық колледжі»МКҚ.
Конференцияға қатысушылар және жеңімпаздар дипломдар және сертификаттармен марапатталынды.

2- ші бағыт: Болашақ мамандарды кәсіби даярлау: факторлар, мәселелер, ізденіс

2022 жылдың наурыз айының 30-шы жұлдызында Нұр – Сұлтан қаласы «Томирис» медициналық колледжінде медицина колледждерінің арасында Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті.
2- ші бағыт тақырыбы бойынша қатысқан оқытушылар: Нұр – Сұлтан қаласы әкімшілігінің «Жоғарғы медициналық колледжі» арнайы пәні оқытушысы Жаупанова Зүбайда Жұмабековна, «Шипагер» медициналық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нұржанова Самал Ерболовна, Нұр – Сұлтан қаласы әкімшілігінің «Жоғарғы медициналық колледжі» арнайы пән оқытушысы Анарова Айнаш Абдунабиевна, Қарағанды облысы «Жоғарғы мейіргер колледжі» арнайы пән оқытушысы Сарсембаева Айнұр Крымбаевна, «Томирис» медициналық колледжінің арнайы пән оқытушылары Жакипбаева Гульнар Ергабыловна, Амангелдинова Дамира Кусмановна.
Әділқазылар алқасы: Нұр – Сұлтан қаласы әкімшілігінің № 3 қалалық емханасы бас медбикесі Капаева Шынар Айтжановна, аға медбикесі Каримова Рабиға Жамбыловна, арнайы пән оқытушылары Жакипбаева Гульнар Ергабыловна. Конференцияда оқылған баяндамалар бойынша, әділқазылар алқасы Жаупанова З.Ж. - І дәрежелі диплом, Сарсембаева А.К. - ІІ дәрежелі диплом, Анарова А.А. - ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, алғыс білдірілді.