Урушева Гульнар Ерденовна – кітапханашы. 30 жылдан астам еңбек өтілі бар педагог, жоғары білім.

Кітапхана – білім ордасы.

(Халық даналығы)

Кітапхана оқу, ғылыми, анықтамалық, көркем əдебиеттер, оқу-тəрбие үрдісіндегі  мерзімді басылымдармен жəне ақпараттық материалдармен (ары қарай - құжаттармен), сондай-ақ рухани жəне интеллектуалды қатынас, мəдениетті  қамтамасыз ететін Астана қаласы «Томирис» медициналық колледжі ЖШС маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Колледж кітапханасы  жалпы аумағы 32 кв,м құрайтын  2 бөлімнен тұрады, яғни, абономент және 3 компьютерлік құрығылармен жабдықталған 12 орындық оқырман залы.

Орнатылған компьютерлердің барлығы  (3 дана) Интернет желісіне қосылған, онда студенттер мен оқытушылар іздестіру сайттарында өздеріне қажетті әдебиеттерді іздестіру мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ жалпы білім беру және арнайы пәндер бойынша орталық білім беру ресурстарының  артықшылықтарын пайдалану үшін жұмыс істейді.

Кез – келген кітапхананың  ең маңызды байлығы ол – кітап, әрине. Сол кітап қорының  саны және сапасы арқылы біз кітапхананың бар жағдайын, дәрежесін көрсете аламыз және көре аламыз. Дей тұрғанмен де, колледж ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жүргізіп келе жатқандықтан, бүгінгі күні қажетті қорды жинақтап үлгерген жоқ.  Бірақ, оқу ордамызға қажетті болған барлық әдебиеттерге тапсырыс бергендігімізді башылыққа ала отырып, колледждің қазақ тілі және басқа да тілдер бойынша  білім беру, оқу-әдістемелік және электронды оқулықтар қорының төмендегідей көлемін  көрсетіп отырмыз.

 Кітап қорының көлемі.

Мамандық

атауы

Қордың жалпы көлемі

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

Шет тілінде

Электронды

оқулықтар

1

«Мейірбике ісі»

«Емдеу ісі»

1657

848

713

79

Ағыл.-42

Лат.-37

17

 

Астана қаласы  «Томирис» медициналық колледжі ЖШС əкімшілігі қітапхана қызметін қаржыландырады жəне қолданыстағы заңнамаға сəйкес оның жұмысын бақылауды жүзеге асырады.

Қор білім беру үдерісінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келіп, қалыптасады. Сол себепті, кітапхананың басты міндеттерінің бірі қорды саны жағынан көбейту емес, мамандыққа қажетті оқулықтармен толықтыру болып табылады.

Кітапхананың негізгі кітап қоры, қорлардың құрылымы (білім беру және оқу әдебиеттері, ғылыми, көркем және мерзімді басылымдар), кітап басылымдарының бірліктер саны мынадай:

Кітап қорының құрылымы.

Кітапхананың жалпы қоры:

Барлығы: (дана)

Барлығы: (%)

1

Медициналық

791

47,7%

2

Жалпы білім беретін оқулықтар

611

36,8%

3

Оқу-әдістемелік

238

14,3%

4

Электронды

17

1%

Қорытынды:

1657

100%

 

Уақыт өткен сайын қоғамда өзгерістер мен жаңалықтар күн санап артып келеді. Сол себепті оқулықтар да маңыздылығын жоғалтып, орнын соңғы шыққан басылымдармен толықтырылуын талап етеді. №3 кестеде   01.09.2017 ж. санақ  бойынша ескіру дәрежесін ескере отырып, әрбір мамандыққа арналған негізгі оқу-әдістемелік және қосымша әдебиеттердің сапасы көрсетілген.

Оқулықтардың сапасы.

Мамандық атауы

Барлығы (дана):

1990-2000ж.

2000-2010 ж.

2010ж. осы кезең аралығы

1

«Мейірбике ісі»

«Емдеу ісі»

1657

3

114

1540

Электронды оқулықтарды пайдаланудың ең кең таралған тәсілі - онда қамтылған әртүрлі бақылау-түзету тест бағдарламаларын қолдану. Компьютерлік тестілеу өзіндік бақылау және емтихандар мен тесттерге дайындалу үшін студенттердің өздері жүргізеді.

Білікті мамандарды даярлауды жеңілдету үшін кітапхана өз оқырмандарының ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес қаражат құрады, колледждің студенттеріне, оқытушыларына және қызметкерлеріне жедел кітапханалық және ақпараттық қызметтер ұсынады, олардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.

 Алфавиттік және жүйелік каталогы дәстүрлі жүргізіледі. Басылымдардың сипаттамасы кітапхана стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Кітапхана қызметкерлерінің штаты.

Кітапхана  қызметкерлері

Білімі

Жұмыс тәжірибесі

Жоғары кітапханалық

білім

Орта кітапханалық білім

3 жылға дейін

10 жылға дейін

10 жылдан жоғары

1

+

 

+

 

 

 

Кітапхана қызметкері жыл сайын өз іс-шараларын, кітап көрмелерін, кітапханалық сабақтарды түзететін жұмыс жоспарын жасайды. Жыл сайын жаңадан қабылданған әдебиеттер бюллетендері, кітап көрмесі жасалады.

 Оқу жылында жиынтық және түгендеу кітабындағы әдебиеттер уақытында енгізіледі. Алынған кітаптар мөрмен және нөмірленген. Кітаптарды үнемі жөндеу жүргізіледі.

  

Кітапхананың барлық жұмыстары оқу үдерісіне көмектесуге бағытталған. Осы мақсатта кітапханада өзекті тақырыптар бойынша іс-шаралар және кітап көрмелерін  ұйымдастыру жоспарланған.

  • «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру»
  • «Сөз-өмірдің басты құралы» - тілдер мерекесі
  • «Қарттарым – асыл қазынам» - қарттар күні
  • «Тәуелсіздік – тұғырым!» - тәуелсіздік күні
  • «Ішімдік – жан ауруы» - зиянды әрекеттерге қарсы іс-шара
  • «Әйел.Ана.Әлем.» - халықаралық әйелдер күні
  • «Ұлыстың ұлы күні» - Наурыз мерекесі
  • «Денсаулық. Адам.Қоғам.» - Бүкіләлемдік денсаулық күні
  • «Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ» - Жеңіс күні
  • «Жанашыр жан» - Медицина қызметкерлерінің күні

Бірінші курс студенттерімен  кітапханалық кітап қорымен танысу, кітаптарды пайдалану ережелері, оларды қайтару шарттары және әдебиеттерді сақтау жауапкершілігі жөнінде әңгімелер жүргізілді.

Тәрбие жұмысын жүргізуде үлкен рөл кітапханаға тиесілі. Колледж кітапханасының білім беру ролі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: медициналық, моральдық, құқықтық, кәсіптік, эстетикалық, дене тәрбиесі. Кітапхана есте қаларлық және ұмытылмас даталарға арналған іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады. Кітапхананың маңызды міндеті - студенттерге қоғамға пайдалы болу, жұмысқа деген сүйіспеншілік пен махаббат, таңдаған мамандықтағы мақтаныш сияқты қасиеттерді тәрбиелеу.

Кітапхана оқушыларды өзіндік дайындауды ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасады. Осылайша, кітапхана мен анықтамалық-библиографиялық жұмыстың негізгі мақсаты оқырмандардың көкжиектерін кеңейту, білім алуды қолдауға арналған ең жақсы әдебиеттерді алға жылжыту болып табылады.