Педагогикалық идеялар фестивалі!

2022 жылдың 18 ақпаны мен сәуір аралығында «Жалпы білім беру және әлеуметтік-экономикалық пәндер» циклдық әдістемелік орталығының оқытушылары Әкіміш Мәдина Ержанқызы және Исаинова Аяжан Қазыбекқызы қалалық колледждер педагогтарының арасында өткен Педагогикалық идеялар фестиваліне қатысты. Фестивальді Нұр-Сұлтан қаласы Білімді жаңғырту орталығы мен Техникалық колледж  ұйымдастырып, өткізді.

Колледж оқытушылары фестивальдің «Үздік бейнесабақ» номинациясы бойынша қатысып, сертификаттармен  марапатталды.

Фестиваль қашықтықтан өткізілді, оған 100-ден астам оқытушы қатысты. Педагогикалық идеялар фестивалінің мақсаты колледж педагогтерінің педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.