Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайына экскурсия
2022 жылдың 2 наурызында «Томирис» медициналық колледжінің кураторлары Хасенова С.Е., Исаинова А.К., Ерден Е.Е., Әмзе Е.Ж. жетекшілігімен бірінші курс студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне экскурсия өйымдастырды. Мұражай Орталық Азияда орналасқан ұқсас нысандардың ішіндегі ең жас және ең ірісі болып табылады. Кешен Тәуелсіздік даңғылында және сонымен бірге Елорданың басты алаңы – Тәуелсіздік алаңында орналасқан. Құрылыс өзінің ерекше келбетімен назар аударады. Гидтардың көмегімен студенттер көптеген экспонаттар мен экспозицияларды көрді.
Бұл іс-шара студенттерге өте ұнады, балалар мәдени-бұқаралық іс-шараға оң бағасын берді.