30.09.22ж. Колледжде мұғалімдері күні – ерекше мереке. Әр адамның бойында сан ұрпақтың дүниетанымының, өмірлік ұстанымының іргетасын қалап, даналық пен әділеттілік үлгісіндегі ұстаздарымыз болмаса, шәкірт кім болар еді деген ойға жетелейтін мереке.

Бұл күні сабақ басталар алдында студенттер «тірі дәліз» жасап, мұғалімдерді музыка әуенімен, ду қол соғып қошеметпен қарсы алды.    Ұстаздар мерекесіне орай Жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелерімен ұйымдастырылған «Ұстазым, менің ұстазым!» атты мерекелік концерт өтті. Мереке таң қаларлықтай жылы және шынайы болды. Колледж директоры Тойкина Гүлнәр Окенқызы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасына амандық тіледі.