28.12.2022 жылы колледждің кітапханасында «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз!» атты әдеби аукцион өтті. Аукционның ұйымдастырушылары: орыс тілі оқытушысы Жургубаева К.А. мен қазақ тілі оқытушысы Әбіш А.Е.

          Аукцион барынша шынайы аукционның ережесіне жақындатылып өтті. Ойын үш лоттан тұрды. Бірінші лот бойынша студенттер арасында  жеңіл сұрақтар ойнатылса, екінші лоттың сұрақтары қиындау болды. Ал үшінші лотта шығармашылық тапсырмалар орындалды: студенттер Абай шығармашылығынан үзінді оқып, күй тартып, суреттерін ортаға салды. Ақша орнына ежелгі гректердің күміс монеталары – таланттар берілді. Әділ қазылардың шешімі бойынша аукционнан ең көп ұпай жинаған және өнерімен ерекшеленген қатысушылар марапатталды.

Студенттер белсене қатысып, әр түрлі сыйлықтарға және грамоталарға ие болды.

 

Конференцияға сәтті қатысу!

2023 жылдың 31 қаңтар күні ««Томирис» медициналық колледжінің оқытушылары Ермагамбетова Римма Раильевна,  Жакипбаева Гульнар Ергабыловна, Исаинова Аяжан Казыбековна,  Баймулдинова Найля Касымхановна,  Жарықбасова Фариза Жанибековна ТжКББ оқытушыларына арналған «Қазақстан Республикасының техникалық  және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи көзкарас» атты IX қалалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияның ұйымдастырушылары: Астана қаласының «Білім бсқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Сервис және туризмколледжі» ШЖҚ МКК. Әділқазылар алқасына колледждің әлеуметтік серіктестерінің өкілі «Green clinic» ЖШС бас медбикесі Рысмухамедова Майра Топаевна шақырылды.

Конференцияға оқытушылардың қатысуы сәтті өтті: Ермагамбетова Р.Р.,  Исаинова А.К.,  Баймулдинова Н.К. Дипломдармен,  Жакипбаева Г.Ергабыловна – Алғыс хатпен, Жарықбасова Ф. Ж. Сертификатпен марапатталды.

Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың жеңімпазы!

 2022 жылдың қараша айында өткен республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиаданың қалалық кезеңіне колледжіміздің 1 курс студенті Садуахасов Дәулет қатысып, жүлдеді ІІІ орынға ие болды! Олимпиадада 2 айналым өткізілді. Бірінші айналым бойынша Дәулет  эссе жазып, 37 ұпай жинады, ал екінші айналым бойынша 29 ұпай алды. Сонымен 66 ұпай жинап, өзінің пән бойынша білімін көрсете алды. Алдағы уақытта Дәулетке оқуда сәттілік, табыс тілейміз!

Колледждің халықаралық ынтымақтастығы

 

2022 жылғы 20 желтоқсан күні  «Томирис» медициналық  колледжінің оқытушылары Қырғыз Республикасы  «Бішкек медициналық колледжі» МББМ ұйымдастырған  «Орта буын медицина мамандарын даярлаудағы инновациялық білім беру технологияларының рөлі» атты халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияға қатысқан арнайы пәндерінің оқытушылары Ембергенова А. М., Ермагамбетова Р.Р., Жакипбаева Г. Е., Нурмагамбетова Ж. А., Жарыкбасова Ф. Ж. өздерінің  тәжирибелерінен баяндамалар, презентациялар дайындап, қорғап, сертификаттарға ие болды. Мақалалары конференция жинағында жарияланды.

8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау

8 наурыз халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында   «Томирис» медициналық колледждің оқу-әдістемелік жұмысына қосқан үлестері үшін директордың орынбасары Хасенова С.Е., бөлім меңгерушісі Исаинова А.К., арнайы пәндерінің  оқытушысы Н.К. Баймулдиноваға Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қ.Сенғазиевтың атынан Құттықтау хаттар табыс етілді.