2019 жылдың 30 қазан  күні  Кәсіптік – техникалық  колледждің  10 жыл  мерей  тойы  қарсаңында  өткізілген  «Әлеуметтік серіктестік және кәсіпкерлік  білікті   мамандарды  даярлаудың  негізі»  атты  республикалық  конференциясына   «Томирис» медициналық  колледжінің    арнайы  пәндерінің   оқытушысы   Жакипбаева  Гульнар   Ергабыловна«Кадрларды  кәсіби даярлаудағы әлеуметтік әріптестік» секциясының отырысында  «Мейіргер ісі  мамандарын  дайындаудағы   колледждің әлеуметтік серіктестермен   қарым - қатынасы»тақырыбында баяндама оқып,   сертификатпен  марапатталды. Баяндамада  колледж  ұйымының  10  базалық  әлеуметтік серіктестермен келісім-шарт бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде толық ақпарат берілді.

2019 жылдың 16 – 20 қыркүйегі аралығында колледждің 9 оқытушысы  «Urker mitec» зияткерлік орталығы ұйымдастырған колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық қашықтық олимпиадасына қатысты.

2019 жылдың 12 қазан күні «Томирис» медициналық колледжінің 14 оқытушысы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ң ұйымдастыруымен өткенсеминарға белсенді қатысты. 

2019 жылдың 11 қазанкүні колледжде мұғалімдерарасындағы жас маман мектебінің отырысында  педагог-психолог Әкіміш М.Е.  «Ұйымшылдық және команда құру» тренингін өткізді. Бұл тренингке жас мамандар мен олардың тәлімгерлері қатысты.

2019 жылдың 11 қазан күні жас мамандар мен тәлімгерлеріне арналған «Заманауи сабақтың ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинардың мақсаты қазіргі сабақтардың ерекшеліктері мен жаңа тиімді технологиялармен танысып, пікір алмасу болып табылады.