2019 жылдың 12 қазан күні «Томирис» медициналық колледжінің 14 оқытушысы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ң ұйымдастыруымен өткен «Оқу-әдістемелік басылымдарды өңдеу жөнінде әдістемелік ұсыныстар» тақырыбындағы семинарға белсенді қатысты. Семинарды Кусаинова Айман Тұрсынкұловна өткізді.

Семинар барысында лектор оқытушылардың шығармашылық жұмыстарының түрлеріне тоқталып, әдістемелік басылымдардың колледждерге қажеттілігі мен өзектілігін  көрсетті.  Оқытушылар  оқу-әдістемелік жұмыстарының түрлері мен оларды рәсімдеу және басып шығару тәртібімен танысып, біліктіліктерін  арттырды.

  • ab
  • abc
  • abcd
  • abcde