2019 жылдың 16 – 20 қыркүйегі аралығында колледждің 9 оқытушысы  «Urker mitec» зияткерлік орталығы ұйымдастырған колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық қашықтық олимпиадасына қатысты.

Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық олимпиадасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін және кәсіби-педагогикалық қызметіне қажетті білім деңгейін, біліктілігін анықтауға бағытталған.

Аталған олимпиадада барлық қатысқан оқытушылар Ембергенова А. М., Бейсенова Н. Б., Оспанова А. О., Кенжеханова А. Р., Кошаева П. К., Нурмагамбетова Ж. А., Окен Д. Н. Сертификаттармен марапатталып, ал олимпиада жеңімпаздары Жакипбаева Гульнар Ерғабыловна 1 дәрежедегі дипломмен, Жарылкасын Айгерим Есболатқызы 3 дәрежедегі дипломмен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Құттықтаймыз!