2019 жылдың 30 қазан  күні  Кәсіптік – техникалық  колледждің  10 жыл  мерей  тойы  қарсаңында  өткізілген  «Әлеуметтік серіктестік және кәсіпкерлік  білікті   мамандарды  даярлаудың  негізі»  атты  республикалық  конференциясына   «Томирис» медициналық  колледжінің    арнайы  пәндерінің   оқытушысы   Жакипбаева  Гульнар   Ергабыловна«Кадрларды  кәсіби даярлаудағы әлеуметтік әріптестік» секциясының отырысында  «Мейіргер ісі  мамандарын  дайындаудағы   колледждің әлеуметтік серіктестермен   қарым - қатынасы»тақырыбында баяндама оқып,   сертификатпен  марапатталды. Баяндамада  колледж  ұйымының  10  базалық  әлеуметтік серіктестермен келісім-шарт бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде толық ақпарат берілді.