2017 жылдың 20-шы қазанында Томирис медициналық колледжінің «Мейірбике ісі» және «Емдеу ісі» мамандығының бірінші курс студенттері тарих пәнінің  оқытушысы Хасенова Сұлушаш Елеусізқызымен бірге азаматтық және патриоттық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды.