21.12.2017 жылы «Тәуелсіздік жолында» атты қоғамдық-гуманитарлық пәндері апталығының жоспары  бойынша Қоғамтану пәні  оқытушысы Балапанов Е.С 10 СД тобында «Қазіргі діни жағдай» тақырыбында ашық сабақ көрсетті.

Сабақ барысында Діни экстремизм ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды деп айтып кетті. Сонымен қатар терроризм –лаңкестікке көп көңіл аударды. Студенттер Қазақстанда орын алған лаңкестік оқиғалар жөнінде хроникалық фильмнің үзіндісін көрсетіп, талқылауға жағдай жасады.

Осы тақырыптағы сабақ жақсы деңгейде өткізілді.

19.12.2017 жылы «Тәуелсіздік жолында» атты қоғамдық-гуманитарлық пәндері апталығының жоспары бойынша тарих пәні оқытушысы Хасенова С.Е. 11 «Емдеу ісі» тобында «Тарих білгірлері» атты интеллектуалды викторинаны дайындап өткізді.        

Викторина алты кезеңнен тұратын: «Бәйга», «Хронологиялық спринт», «Историкалық  эрудицион», «Тарих кейіпкерлері», капитандар сайысы «Тарихи тұлғаны таны», «Сөйлемді аяқта». Викторинаның «Тәуелсіз Қазақстан» атты соңғы кезеңінде студенттер сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптарын қазақ тілінде беріп, мемлекеттік тілді жақсы деңгейде білетіндерін көрсете алды.

Викторинаға 3 команда қатысты: «Золотая орда», «Алаш», «Казахское ханство».

Барлық командалар Қазақстан тарихы  мен қазақ тілінен білімдерін жақсы деңгейде көрсете алды.

30 қараша 2017 жылы патриотизм және азаматтық тәрбие бағытында «Елі сүйген, елін сүйген Ел басы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді

2017 жылғы 29 қарашада  Халықаралық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күні қарсаңында колледжде студенттерге  сынып сағаты, сондай-ақ оқытушылар құрамына ақпараттық сағат өткізілді. 


2018 жылдың 7 қараша айында рухани – адамгершілік және  көркем-эстетикалық, мәдениеттік  тәрбие бағытында «Томирис» медициналық колледжінің 1 курс студенттері «Түнгі студия» телеқойылымына көрермен ретінде қатысты.