2017 жылдың 28 қазанында «Томирис» колледжінің студенттері  оқытушыларға  Мұғалімдер күніне мерекелік көңіл-күй сыйлады, олар кіре берісте құттықтау әндерімен жанды дәліз ұйымдастырды. Мерекелік шараның себепкерлері үшін бірінші курс студенттері  мерекелік концерт ұйымдастырды. Колледж директоры Г.О.Тойкина құттықтау сөздерін айтып, оқытушыларға алдағы уақытта  шығармашылық табыстар тіледі.

Концертте Батыралиев Алмат пен  Иманбаева Айжанның орындауындағы «Ұстазым»  әні, сондай-ақ, Берікызы Алинураның орындауында «Ұстаздарды ұмытпаңдар»  деген өлең жолдары оқылды.Сонымен қатар бірнеше билер мен музыкалық номерлер орындалды. Жаңадан қабылданған  студенттер шығармашылық қабілеттерімен таң қалдырды.

  • 29.10.2017(2)
  • 29.10.2017(3)
  • 29.10.2017(4)