28.12.2022 жылы колледждің кітапханасында «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз!» атты әдеби аукцион өтті. Аукционның ұйымдастырушылары: орыс тілі оқытушысы Жургубаева К.А. мен қазақ тілі оқытушысы Әбіш А.Е.

          Аукцион барынша шынайы аукционның ережесіне жақындатылып өтті. Ойын үш лоттан тұрды. Бірінші лот бойынша студенттер арасында  жеңіл сұрақтар ойнатылса, екінші лоттың сұрақтары қиындау болды. Ал үшінші лотта шығармашылық тапсырмалар орындалды: студенттер Абай шығармашылығынан үзінді оқып, күй тартып, суреттерін ортаға салды. Ақша орнына ежелгі гректердің күміс монеталары – таланттар берілді. Әділ қазылардың шешімі бойынша аукционнан ең көп ұпай жинаған және өнерімен ерекшеленген қатысушылар марапатталды.

Студенттер белсене қатысып, әр түрлі сыйлықтарға және грамоталарға ие болды.