Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары

Регламентке 1 қосымша 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі

Мемлекеттік қызметтер 
тізіліміне сәйкес қызмет
көрсету коды

Қызмет  атауы

Стандарт

1

803009

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Стандарт

2

801015

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Стандарт

3

803007

"Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет стандарты

Стандарт

4

803018

"Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Стандарт

5

803017

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Стандарт


Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық-жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл — өмірлеріңізге өте қауіпті.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратынбелгілері:

  1. сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
  2. құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);
  3. жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;
  4. тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;
  5. бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:

  1. Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;
  2. Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
  3. Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.

Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға арналған жаднама

Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.

Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:

  1. көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;
  2. бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;
  3. табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

  1. қоғамдық көлікте:
  • заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
  • егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.
  1. үйіңіздің кіре берісінде:
  • көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т.б.:

  • айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);
  • затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

  • табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;
  • табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
  • жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
  • заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
  • табылған заңсыз затты пайдалануға;
  • оған жақын аралықта радио- және электрлі- аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, еңбірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану — бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сізғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегін сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді.

Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз:

  1. өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз;
  2. егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
  3. болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;
  4. егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
  5. террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда көмегі тиеді;
  6. әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;
  7. мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;
  8. ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;
  9. егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген.

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

  1. агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;
  2. мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;
  3. бастапқыдан-ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;
  4. пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;

5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;

6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.


  • 1
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9

Қабылдау комиссиясының жұмысы  25.06.2022ж 

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі

Жұмыс уақыты:   9.00 - 18.30

Түскі үзіліс:  13.00 -  14.30

Демалыс: жексенбі

БӨЛІМ ӨҢДЕЛУДЕ

Мамандық  030200 0 «Мейіргер ісі»

Біліктілік 030204 3 «Жалпы тәжірибе мейіргері»

9 сынып базасы бойынша – 3 жыл 10 ай, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде.

11сынып базасы бойынша – 2 жыл 10 ай, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде.

                                                                     

Мейіргер емдеу-алдын алу мекемелерінде, балалар, мектепке дейінгі мекемелерде нұсқаулықты орындау үшін және денсаулықты сақтау, нығайту және ескертуге бағытталған алдын-алу шараларын жүргізу үшін білім алады.

Мейіргер – мейіргер ісі саласының маманы, емдеуші дәрігердің кәсіби көмекшісі. Мейіргердің міндеті оның жұмыс істеу ортасына байланысты. Мысалы, емханада мейіргер дәрігердің науқастарды қабылдау барысына көмектеседі. Бұл учаскелік мейіргер. Туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде, сондай-ақ әйелдер және балалар консультациясында патронаж мейіргері жұмыс істейді.

                                    

Физиотерапия кабинетіндегі мейіргер УВЧ аппаратының,ультрадыбыс, электрофорез және басқа да арнайы құрылғылар көмегімен емдеу процедураларын жүргізеді.

Процедуралық мейіргер ине салады, көк тамырдан қан алады, капельницаларды қояды. Мұның барлығы жай ғана процедура емес – ол жоғары біліктілікті және шеберлікті талап етеді.

Палата мейіргері – дәрілерді таратады, компресс, банка, клизма қояды, ине салады. Сондай-ақ ол дене қызуын, қан қысымын өлшейді және  емдеуші дәрігерге әрбір науқастың көңіл-күйі туралы баяндап отырады. Әрбір пациенттің денсаулығы палата мейіргерінің жұмысымен тығыз байланысты. Жақсы ауруханаларда палата мейіргерлері (кіші мейіргер және қараушы көмегімен) әлсіз науқастарда ойық жарасы болмау үшін  күтеді: тамақ береді, жуындырады, төсек орнын, іш киімін ауыстырады. Палата мейіргеріне салғырттық пен ұмытшақтыққа жол берілмейді.

Операция бөліміндегі мейіргер хирургқа көмектеседі және операция бөлімінің жұмысқа үнемі дайындығына жауап береді. Болатын операцияға қажетті барлық құралдарды, таңу және тігу материалдарын дайындайды, олардың зарарсыздандырылғандығымен қамтамасыз етеді, аппаратураның дұрыстығын тексереді. Операция кезінде дәрігерге көмектеседі, құралдар мен материалдарды беріп тұрады. Дәрігер мен мейіргердің бірлескен жұмысы операцияның нәтижелі болуына әсерін тигізеді. Бұл жағдайда тек білім мен дағды ғана емес, сондай-ақ жылдамдық пен жүйке беріктігі де көп әсер етеді. Құралдарды зарарсыздандыру үшін оларды зарарсыздандыру бөліміне  апарады. Ол жерде жұмыс істейтін мейіргер арнайы құралдарды басқарады, олар: бумен жұмыс істейтін құралдар, ультракүлгін камералар, автоклавтар және тағы басқа.

Аға мейіргер аурухана мен емханада жұмыс істейтін барлық мейргерлерді басқарады. Аға мейіргер бөлімге тән жұмыстың бәрін білу керек.

Күтім бойынша кіші мейіргер мейіргердің басшылығымен жұмыс істейді, алғашқы медициналық және стационарлық көмекті көрсетеді, сондай-ақ мейіргерлік күтімді жүргізеді. Оның міндеті күтуші міндетімен ұқсас.

Мейіргер – дәрігердің көмекшісі, ассистенті, оның басты мақсаты – науқас адамдарға көмек көрсету.

       

Мейіргерге қандай қасиеттер тән?

  1. Адамгершілік: Аяушылық, мейірімділік, еңбексүйгіштік, нәзіктік, алғаұмтылушылық, жігерлік, шешімділік, қарапайымдылық, турашылдық, сезімталдылық, жауапкершілік, қайырымдылық, шеберлік, ұйымшылдық.
  2. Эстетикалық:жинақылық, тазалық, түңілушілікке мойынсынбау.
  3. Зияткерлік:алғырттылық, бақылағыштық, болған құбылыстың мәніне енуге, түсінуге талпыну.

 

Мейіргер ісінің принциптері:

  • ПАЦИЕНТТІ СЫЙЛАУ
  • ЗИЯН КЕЛТІРМЕУ
  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ
  • ӨЗІНЕ ЗИЯН КЕЛТІРМЕУ
  • АЙТҚАН СӨЗДЕ ТҰРУ
  • ӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛ БОЛУ

Біздің колледжде мейіргер мамандығын жоғары білікті оқытушылар дайындайды.


Мамандық030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілік030101 3 «Фельдшер»

9 сынып базасы бойынша – 3 жыл 10 ай, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде.

11сынып базасы бойынша – 2 жыл 10 ай, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Фельдшер жедел жәрдем қызметінде, фельдшерлік-акушерлік пункттерде, ірі кәсіпорындардың денсаулық сақтау пункіттерінде, көлдерде жүретін кемелер мен өзен көліктерінде жұмыс істей алады, теміржол денсаулық сақтау пункіттерінде, жедел жәрдем көрсету құрамының фельдшерлер бригадасында барлық жұмысқа жауап береді, ал дәрігерлер бригадасында болғанда дәрігердің нұсқаулығымен жұмыс істейді.

                                        

Міндеттері:

Медициналық жедел жәрдемде жедел көмек көрсетеді. Фельдшерлік-акушерлік пункттерде емдеу - алдын-алу және санитарлық-алдын-алуды жүргізеді, жедел аурулар кезінде медициналық көмек көрсетеді. Участокқа қатысты жеке тұрғындарды есепке алуды жүргізеді және участок бойынша өз қызметін жоспарлайды. Пациенттерді тексерілуге дайындайды және маман-дәрігерлер кеңесіне жібереді. Науқастарға амбулаториялық қабылдау жасайды және олардың үйіне барып та қарайды. Аурудың диагностикасын, емін және алдын-алу жолдарын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетеді, хирургиялық манипуляциялар кезінде дәрігерге ассистент болады, физиологиялық босану барысына қатысады.

Фельдшер мамандығы интеллектуалды, физикалық және жүйке-психикалық күш-жігерді талап етеді. Бұл қызмет кәсіби маманнан іске толығымен берілгендікті, ашық қарым-қатынасты және жанашырлық қасиетті, сондай-ақ басқа адамның қызығушылық қабілетін түсінуді талап етеді.

Мамандықтың болашағы:

Фельдшер (фельдшер-акушер) денсаулық сақтау пункттерінде меңгеруші, аға фельдшер бола алады.


Специальность 030100 0 «Лечебное дело»

Мамандық030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілік 030102 3 «Акушер (-ка)»

11сынып базасы бойынша – 2 жыл 10 ай, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде.

                                       

Акушерка- жүкті әйелдерге және босану кезінде аналарға көмек көрсетуді жүргізетінорта медицина қызметкері.

«Акушерка» сөзі француздың «accoucheur» деген сөзінен шыққан, мағынасы босану кезінде көмек көрсетуші адам. Акушердің міндеті – әйел және оның ұрпағының денсаулығын сақтау.

 

Акушер жұмысының мәні:

Акушер тек қана босану кезінде көмек көрсетіп қоймайды, сондай-ақ операция функциясын орындайды, палата және бала мейіргері, педиатр және психолог-неонатолог та  болады. Сонымен қатар маман акушерия бойынша күрделі медициналық құрылғыларды, дәрілерді, жедел көмек көрсету мен зерттеу тәсілдерін білу керек.

 

Акушерлер жұмыс істейтін жерлер:

Перзентханалар, әйелдер консультациясы, отбасын жоспарлау орталығы және тағы басқа.

 

Жеке қасиеттері:

  • Қайырымдылық
  • Жауапкершілік
  • Аяушылық сезімі