«Діни экстремизмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі», «Деструктивті діни ағымдарды тартудың белгілері мен әдістері».

 

     17.11.21жылы халықтың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизмнің алдын алу аясында Дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық-түсіндіру тобының қызметкерлері «Томирис» медициналық колледжінде студенттерге кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – «Діни экстремизмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі», «Деструктивті діни ағымдарды тартудың белгілері мен әдістері».     Әңгімелесу барысында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кездесу соңында деструктивті діни ағымдардың мәнін түсіндіру, Қазақстан Республикасының зайырлылық терминін анықтау, iKomek-109 сенім телефоны бойынша, террористік және экстремистік тізімдер бойынша жадынамалар алды. Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдар, Нұр-Сұлтан қаласындағы конфессиялық палитра туралы мәліметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінен үзінділер.