2021 жылдың 9 наурызында колледждің информатика пәні оқытушысы Омарова Меруерт Асхатовна қалалық деңгейде ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ  Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар пәнінен "Медициналық ақпараттық жүйелер" тақырыбында 2-Емдеу ісі тобында ZOOM платформасы арқылы өтті. Ашық сабаққа колледждің оқытушылары Нұр-Сұлтан қаласы Білімді жаңғырту орталығының әдіскері Назарбаева А.А. қатысты.

          Сабақ мақсаты қазіргі кездегі коммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың дамуы жайлы, клиникаларда жүйені және компьютерлерді қадағалайтын автоматтандырылған медициналық құралдар туралы, медициналық ақпараттық жүйелердің өсуі мен жаңа технологиялардың дамуы туралы түсінік қалыптастыру болды.

          Сабақ барысында көптеген әдс-тәсілдер қолдану арқылы оқытушы өз мақсатына жетті. Атап айтатын болса, алдын ала берілген тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар, миға шабуыл әдісі, ойлан-тап ойыны арқылы білім алушылардың тақырыпқа жалпы пәнге деген қызығушылықтары артты деп есептейміз. Сонымен қатар сабақтың басты тұсы колледж түлектерінің заманауи медициналық техникаларды қолданулары  бойынша берген сұхбаттары болды. Сұхбатты көру арқылы білім алушылар болашақ мамандықтарына деген аса жауапкершілікті одан әрі терең түсіне бастағандай. Аталмыш ашық сабақ Астана қаласы Білімді жаңғырту орталығының әдіскері А.А.Назарбаева тарапынан өте жоғары бағаланды.

  • WhatsApp-Image-2021-03-13-at-10.12.08-1
  • WhatsApp-Image-2021-03-13-at-10.12.08-2
  • WhatsApp-Image-2021-03-13-at-10.12.08-3
  • WhatsApp-Image-2021-03-13-at-10.12.08-4
  • WhatsApp-Image-2021-03-13-at-10.12.08-5
  • WhatsApp-Image-2021-03-13-at-10.12.08-6
  • WhatsApp-Image-2021-03-13-at-10.12.08-7
  • WhatsApp-Image-2021-03-13-at-10.12.08-8
  • WhatsApp-Image-2021-03-13-at-10.12.08
  • WhatsApp-Image-2021-03-13-at-10.12.14