Оқу семинары

Кезекті әдістемелік кеңестін жоспары бойынша оқу семинары өтті, «оқу процесінде және ғылыми жұмыс барысындағы интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» тақырыбында.  Оқу семинарында колледж оқытушылары қатысты. Иннновациялық әдістердің негізгісінің бірі- интербелсенді оқыту әдісі, бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылатын. Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті екенін, колледж оқытушылары  алған ақпаратты оқу және ғылыми жұмыс барысында қолданатын атап кетті. Колледж оқытушылары оқу семинарында белсенді қатысты.