"Шұғыл көмек" бейнероликтер байқауы

 

   2023 жылғы 30 наурызда "Томирис" медициналық колледжінің студенттері Амангалиева Диана, Сагандыкова Сабина, Каппаева Сабина арнайы пәндері оқытушылары Кадырбаева К.А., Баймулдинова Н.К. жетекшілігімен  "Емдеу ісі" және "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша, "Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі" ұйымдастырған өңіраралық  "Шұғыл көмек" бейнероликтер байқауына қатысты. Байқауға "Анафилактикалық шок кезіндегі шұғыл көмек" бейнеролигі ұсынылды.

          Байқауға қатысу сәтті өтті: студенттер "Кәсіпті креативті игеру" номинациясы бойынша дипломмен марапатталды және білімі мен кәсіби шеберліктерін  көрсеткені үшін 3 дәрежелі Дипломмен марапатталды.