«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант

 

04.05.2023 жылы «Томирис» медициналық колледжінде мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Диктанттың мақсаты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.

Диктант сағат 11.00- де басталды, оған колледждің 279 студенті, 14 оқытушы қатысты.