Арнайы пәнінен ашық сабақ сәтті өтті

 

10.03.2023 ж. «Жалпы кәсіптік және арнайы пәндері» апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Амангалиева Гульжанат Алматовна «Медициналық көмек көрсетудегі қауіпсіздік пен сапа» пәнінен 2ЕІА тобында «Дезинфекция. Залалсыздандыру. Зарарсыздандыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа колледждің арнайы және жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары қатысты.

Сабақ барысында медициналық көмек көрсетудегі қауіпсіздік шаралары мен дезинфекция шараларын практикалық күйде топқа бөліну арқылы көрсетті. Сонымен қатар, әр топ сан.эпидемиялық режимге сай медициналық қызметкердің қолды өңдеу, бикс дайындау әдістерін көрсетті.