«Педагогтардың кәсіби шаршауының алдын алуы» тренингі

 

09 наурыз 2023 жылы педагог-психолог Ж. Костанова колледж оқытушыларымен «Педагогтардың кәсіби шаршауының алдын алу» тақырыбында тренинг өткізді. Қатысқандардың жалпы саны - 19 оқытушы.

Тренингтің мақсаты: Кәсіби «күйіп қалу» түсінігімен, оның сипаттамасымен, күйіп қалу белгілерінің көріну ерекшеліктерімен таныстыру, кәсіби қызметке қанағаттанбау көздерін анықтау.

 Оқытушылар  өз бойында осы синдромның бар немесе жоқтығын анықтау, күйіп қалу синдромының алдын алу әдістерін меңгеру, кәсіби күйзеліс жағдайында өзіне және әріптестеріне көмектесу әдістері мен әдістерін меңгеру, стрессті жеңілдету, психологиялық қолдау алумен танысты.

Тренинг оқытушылардың  эмоционалдық шаршау деңгейін төмендетуге, өзіне, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға және кәсіби іс-әрекетке деген ынтасын арттыруға ықпал етті.