Анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсету әдісі

2023 жылғы  9 наурыз күні  3ЛД тобының студенттері Д. Амангалиева, С. Сагандыкова, С. Каппаева  арнайы пәндерінің оқытушысы Кадырбаева Қарақат Ануаровнаның басқаруымен анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі бойынша практикалық дағдыларын көрсетті. Тәжірибелік дағдыны қалыптастыру мақсатында студенттер ұсынылған клиникалық ситуациялық тапсырма негізінде науқастың жағдайын бағалап, клиникалық нұсқасын, ағымын, ауырлық дәрежесін және тыныс алу жолдарының дисфункциясын көрсететін диагноз қойды. Көрсету барысында студенттер науқастың жағдайын бағалау және жедел медициналық көмек көрсету бойынша өз құзыреттіліктерін көрсетті.