Әдістемелік кеңес сағаты

2022 жылдың 10 қарашасында  «Әдістемелік кеңес сағаты» жобасы аясында әдістемелік көмек көрсету мақсатында ТжКБ Әдістемелік орталығының әдіскерлері «Томирис» медициналық колледжінің оқытушыларына семинар өткізді. Семинарға 16 оқытушы  қатысты.

Семинар бағдарламасында Әдістемелік орталықтың бөлім меңгерушісі Алишева И.С. «Оқытушылардың оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету», әдіскерлер Сейдахметова Б.К. «Әдістемелік жұмыстың тиімді формалары», Айгараева Р.Р. «Авторлық әзірлемелерге қойылатын талаптар», Исина Н.С. «Аттестаттау үрдісі – педагог құзіреттілігін  арттырудың ұтымды жолдары» тақырыбында. Сондай-ақ, семинарға қатысушылардың назарына бекітілген «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру курстарына арналған білім беру бағдарламаларының тізбесі» ұсынылды.

Семинар интерактивті түрде өтіп, педагогикалық тренингпен аяқталды.