«Жұмыс беруші  күні» 

2022 жылдың 15 қарашасында  «Томирис»  медициналық колледжінде «Жұмыс беруші  күніне»  арналған  «Білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін қолдану арқылы оқу үрдісінің тиімділігін арттыру»   шара өткізілді.  

Бұл шараға әлеуметтік серіктестер, колледж оқытушылары және 4-ші курс студенттері  қатысты. Арнайы пәндерінің оқытушылары Ермагамбетова Р.Р. өз практикалық сабағында қолданатын педагогикалық технологияларымен таныстырды және Жакипбаева Г.Е. студенттердің білімдерін тексеру тәсілдерін  көрсетіп, атқарылып жатқан  жұмыстары жөнінде мәлімет берді.

 «Казанада» ЖШС медициналық компаниясының өкілдері  жаңа заманауи симуляциялық жабдықтырмен таныстырып, мастер-класс көрсетті. Астана қ. №11 қалалық  емхананың бас мейірбикесі  Шаухарова С.Б. «Науқастармен қарым-қатынас жасау дағдылары» атты  баяндамасымен таныстырды .  Шараға  Астана қаласы Халықтарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша өкілдері жас мамандарды жұмысқа қабылдаған кезде қолданылатын нормативті актілермен таныстырды

Болашақ фельдшер, акушер, мейіргерлер дайындау және колледж түлектерді жұмысқа қабылдауға көмек көрсеткендері   үшін әлеуметтік серіктестерге Алғыс хаттар табыс етілді.