Жеңіл атлетикадан эстафета

2022 жылдың 7 қазанында "Жалпы білім беру және әлеуметтік-экономикалық пәндері" ЦӘК дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Әмзе Елдос Жұмакелдіұлы және Құрманқұл Нұрдос Маратұлы 1ЕІА және 1ЕІБ топтарында "Жеңіл атлетикадан эстафета" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында студенттер денсаулықты сақтау және нығайту ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас пен әлеуметтік белсенділік деңгейін арттыру мәселелерін шешетін, әртүрлі деңгейдегі жаттығулар мен тапсырмалар орындады.  Эстафета бірнеше кезеңдерден тұрып, қызықты тапсырмалар орындалды, оның барысында жанкүйерлер өздерінің топтастарына қолдау көрсетіп отырды.

Осындай жарыстар студенттердің жалпы физикалық жағдайын, төзімділігі мен ептілігін дамытуға бағытталған міндеттерді іске асырады.