«Үш тұғыр тіл»

2022 жылдың 22 қыркүйек күні колледжде Тілдер күні апталығын қорытындылау мақсатында «Үш тұғыр тіл» атты мерекелік іс - шара өтті. Қатысушылар бірінші курс студенттері болды. Іс-шара викторина форматында өтті. Қатысушылар 4 тур бойынша білімдерін сынады.

  1. Сәлемдесу
  2. Сұрақ-жауап
  3. Полиглот
  4. Үй тапсырмасы

Байқау нәтижелері бойынша келесі орындар берілді:

1-орын 1ЕІВ тобы

2-орын 1МІБ тобы

3-орын 1МІА тобы

Сондай-ақ эссе және қабырға газеті байқауына қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Эссе байқауының жеңімпаздары Сұлтанмахмұдұлы Бейбарыс пен Әділханова Рахиля. Қабырға газеті бойынша 1-2 орынды 1ЛД және 1МІА тобының қатысушылары алды.