«Оқу анимациялық бейне контентін құру негіздері»

2022 жылғы наурызда «Томирис» медициналық колледжінің оқытушылары
Хасенова Слушаш Елеусизовна
Нурмагамбетова Жанат Амантайевна
Оспанова Айнагуль Оспановна
Исаинова Аяжан Казыбековна
Каирбекова Дана Манарбековна
Куттыбаева Мейрамгүл Сәрсембекқызы
Баймулдинова Найля Касымхановна
«Оқу анимациялық бейне контентін құру негіздері»тақырыбында біліктілікті арттыру тақырыбында курсқа қатысты.. Курстың авторы мен жүргізушісі: Экономика магистрі, сертификатталған анимациялық бейне жасаушы, Doodleboard анимация студиясының жетекшісі Борамбаева Ырысты Мейратбековна.
Бағдарлама интерактивті әдістерді, оқыту технологияларын және білім беру саласындағы заманауи жетістіктерді қолдануда практикалық дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ on-line дәрістерді дайындау мен өткізуге қолдау көрсетуге бағытталған. Курстың барысында дыбыс жазу негіздері, дыбысты өңдеу, скрипинг технологиясы арқылы анимациялық бейне жасау сияқты тақырыптар ашылды.
Курсты аяқтағаннан кейін 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарын бітіргені туралы сертификаттар беріледі