2019 жылдың қараша айында «Томирис» медициналық колледжінің студенттері «Urker mitec» зияткерлік орталығы «IQ college» жобасының аясында медицина саласында білім алып жатқан студенттерге арналған «Гиппократ» жыл сайынғы республикалық қашықтық олимпиадасына қатысты.Бұл олимпиада медициналық колледжінің білім алушыларына арналған. Аталған олимпиада медицина жайлы барлық ғылымды қамтиды, оның ішінде медицина теориясы және практикасы, тарихы, қазіргі заманғы медицина, биология, химия, анатомия, физиология және т.б.Тапсырмалар танымдық әрі шығармашылық сипатқа ие болды. Колледждің 28 студенті қатысып, жүлделі орындар мен сертификаттарға ие болды.Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен, олардың ғылыми жетекшілері Мақтау қағаздармен марапатталды: 1-ші  дәрежелі дипломдармен  3 студент, 2- ші дәрежелі дипломдармен  10 студент, 3-ші  дәрежелі дипломдармен  12 студент және 3 студент Мақтау қағаздарымен  марапатталды. Ғылыми жетекшілеріне  – оқытушылар Бейсенова П.Б., Жакипбаева Г.Е., Жарылқасын А.Е., Қошаева П.К. және Хасенова С.Е. Алғыс хаттар табыс етілді.