2019 ж. 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығының ақпараттық-түсіндіру, оңалту және бейімдеу бөлімінің маманы Е.Жексенов Томирис медициналық колледжі студенттері мен оқытушы құрамына Қазақстан Республикасы аймағында өз қызметін жүргізуге заң жүзінде шектелген діни бірлестіктер, олардың ерекшеліктері, сонымен бірге өз қатарларына тарту жолдары туралы дәріс оқыды.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын, соның ішінде діни кітаптарды тарату, ғибадат бөлмелерін ашу және діни ғимараттарды салу, немесе діни ғимарат қылып қайта салу ережеслеріне тоқталды.

Сонымен бірге, теріс діни ағымдардың өз қатарларына тарту, адамдардың психологиялық ерекшеліктерін қолдану әдістерін және олардан қорғану тәсілдерін атап өтті.

Дәріске колледждің оқытушылары мен студенттері, барлығы 50 адам қатысты.

  • DSC05892
  • DSC05895
  • DSC05900
  • DSC05903
  • DSC05905
  • DSC05907