2022жылдың 9 қыркүйек айында «Томирис» медициналық колледжінде «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыруда білім беру сипатындағы шаралар кешенін жүзеге асыру
мақсатында, 1 курс студенттерімен «Адалдық сағаты» өткізілді. Кездесуге маслихат
депутаты, «Астана-Адалдық алаңы» жобасы жетекісінің міндетін атқарушы Жанділдаев
Бақдаулет Болатұлы шақырылды. Кездесу өте қызықты,мағыналы өтті.
Студенттер өздерінің ойын ашық айтып,берілген сұрақтарына қанағаттанарлық жауап
алды.