Химия» пәнінен ашық сабақ

 

2022 жылдың 24 желтоқсан күні  ЖББП апталығы аясында «Жасыл химия, оның 12 принципін атау және түсіндіру» тақырыбында химия пәнінінің жас оқытушысы Жұмаділда Ә.Б. 1 Мейіргер ісі А тобында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа колледждің арнайы және жалпы білім беретін пәндерінің оқытушылары қатысты. Сабақта әр түрлі әдіс - тәсілдер қолданылып, студенттер топтық жұмыс жасауда белсенділік көрсете білді.

Оқытушы студенттерге  "Жасыл химияның" 12 принципін түсіндіріп,  олардың экологиялық білімдерін әрі қарай дамытып, қоршаған ортаны қорғаудың жолдары қарастырылды. Бұл сабақ табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті, экологиялық сауатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.

Кәсіби ағылшын тілінен ашық сабақ сәтті өтті!

 

22 желтоқсан 2022 жылы ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Куттыбаева М. С.  "Кәсіби ағылшын тілі» пәні бойынша «Blood pressure» тақырыбында 2ЕІ А тобының студенттерімен ашық сабақ өткізді.

 Сабақ барысында студенттер жаңа тақырыпты бекітуге бағытталған әр түрлі тапсырмаларды орындады: топтық жұмыс әдісі, «Фишбоун» әдісі, тақырыпты бекіту мақсатында түрлі ойындар, сұрақтарға жауап беру, бейнетаспа және презентация көру.

Студенттер сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысты. Уақыт ұтымды бөлініп, барлық тапсырмалар орындалды. Сабақ қойылған мақсатына жетті.

Ұлттық тәрбиелеу маңызды!

 

2022 жылдың 21 желтоқсан күні ЖББП апталығы аясында «Жылқыны алғаш қолға үйреткен - қазақ даласы» тақырыбында Қазақ тілі пәнінен 1МІБ тобында қазақ тілі пәні оқытушысы Әбіш А.Е. ашық сабақ өткізді. Сабақта оқытушы студенттерге жылқының алғаш қолға үйретілуі жайлы ақпарат беріп, білімдерін кеңейтті. Сабақ барысында қазақ шешендік өнерінің кезеңдері мен түрлері туралы айтылып, шешенге тән қабілет-қасиеттермен таныстырылды.

 Сабақтың тәрбиелік мәні  зор болды, студенттерді достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиеледі.

Ұжымның бірлігі – дамуға сенімділік

 

19.12.2022 жылы педагог-психолог Ж. К. Молдахметов "Томирис" колледжінің педагогтарымен "Ұжымның бірлігі – дамуға сенімділік деген" тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг  барысында оқытушылар өздерін және айналасындағыларды неғұрлым ресми жағдайда тануға бағытталған түрлі тапсырмаларды, ойындар мен жаттығуларды орындады.

 "Комплимент", "Сыйлық" жаттығулары қатысушыларға жағымды эмоционалды көңіл-күй қалыптастыру және комплимент техникасын меңгеруге мүмкіндік берді. Қатысушылар тренинг процесіне белсенді қатысып, тапсырмаларды көңілді орындады.

Уақыт ұтымды бөлініп, барлық жаттығулар орындалды. Тренинг мақсатқа жетті.

Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың жеңімпазы!

 

2022 жылдың қараша айында өткен республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиаданың қалалық кезеңіне колледжіміздің 1 курс студенті Садуахасов Дәулет қатысып, жүлдеді ІІІ орынға ие болды! Олимпиадада 2 айналым өткізілді. Бірінші айналым бойынша Дәулет  эссе жазып, 37 ұпай жинады, ал екінші айналым бойынша 29 ұпай алды. Сонымен 66 ұпай жинап, өзінің пән бойынша білімін көрсете алды. Алдағы уақытта Дәулетке оқуда сәттілік, табыс тілейміз!