Арнайы пәнінен ашық сабақ сәтті өтті

 

10.03.2023 ж. «Жалпы кәсіптік және арнайы пәндері» апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Амангалиева Гульжанат Алматовна «Медициналық көмек көрсетудегі қауіпсіздік пен сапа» пәнінен 2ЕІА тобында «Дезинфекция. Залалсыздандыру. Зарарсыздандыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа колледждің арнайы және жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары қатысты.

Сабақ барысында медициналық көмек көрсетудегі қауіпсіздік шаралары мен дезинфекция шараларын практикалық күйде топқа бөліну арқылы көрсетті. Сонымен қатар, әр топ сан.эпидемиялық режимге сай медициналық қызметкердің қолды өңдеу, бикс дайындау әдістерін көрсетті.

                                                                       

«Педагогтардың кәсіби шаршауының алдын алуы» тренингі

 

09 наурыз 2023 жылы педагог-психолог Ж. Костанова колледж оқытушыларымен «Педагогтардың кәсіби шаршауының алдын алу» тақырыбында тренинг өткізді. Қатысқандардың жалпы саны - 19 оқытушы.

Тренингтің мақсаты: Кәсіби «күйіп қалу» түсінігімен, оның сипаттамасымен, күйіп қалу белгілерінің көріну ерекшеліктерімен таныстыру, кәсіби қызметке қанағаттанбау көздерін анықтау.

 Оқытушылар  өз бойында осы синдромның бар немесе жоқтығын анықтау, күйіп қалу синдромының алдын алу әдістерін меңгеру, кәсіби күйзеліс жағдайында өзіне және әріптестеріне көмектесу әдістері мен әдістерін меңгеру, стрессті жеңілдету, психологиялық қолдау алумен танысты.

Тренинг оқытушылардың  эмоционалдық шаршау деңгейін төмендетуге, өзіне, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға және кәсіби іс-әрекетке деген ынтасын арттыруға ықпал етті.

 

Анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсету әдісі

2023 жылғы  9 наурыз күні  3ЛД тобының студенттері Д. Амангалиева, С. Сагандыкова, С. Каппаева  арнайы пәндерінің оқытушысы Кадырбаева Қарақат Ануаровнаның басқаруымен анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі бойынша практикалық дағдыларын көрсетті. Тәжірибелік дағдыны қалыптастыру мақсатында студенттер ұсынылған клиникалық ситуациялық тапсырма негізінде науқастың жағдайын бағалап, клиникалық нұсқасын, ағымын, ауырлық дәрежесін және тыныс алу жолдарының дисфункциясын көрсететін диагноз қойды. Көрсету барысында студенттер науқастың жағдайын бағалау және жедел медициналық көмек көрсету бойынша өз құзыреттіліктерін көрсетті.

ТӘЖІРИБЕ  АЛМАСУ

 

2023 жылғы  09 – 16 наурыз аралығында «Жалпы кәсіптік және арнайы пәндері» ЦӘК апталығының  жоспары бойынша  «Тәжірибе  алмасу» апталығы  өткізілді. Жоспар бойынша ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар дайындалды:

 

Өткізілетін шаралардың атауы

Мерзімі

Топ

Жауапты оқытушы

 

1.      

Демонстрация к Конкурсу  видеороликов «Неотложная помощь»

09.03

 

3 ЛД

Кадырбаева  Каракат Ануаровна

2.      

«Эмоционалды күйзелудің алдын алу» бойынша оқытушыларға  арналған тренинг

09.03

 

Оқыту

шылар

Костанова Жибек Садуакасовна

3.      

Ашық  сабақ «Дезинфекция. Зарарсыздандыру. Залалсыздандыру»

10.03

 

 2 ЕІ А

Амангалиева Гульжанат Алматовна

4.      

Ашық сабақ «Ортопедия травматологиясындағы ЕДШ»

13.03

 

3 АК 11

Жарықбасова Фариза Жанибековна

5.      

Ашық сабақ «"Дифференциальная диагностика неотложных состояний в акушерстве"

14.03

 

2 ЛД 11

Ермагамбетова Римма Раильевна

6.      

Ашық сабақ "Атеросклероз. Артериальная гипертензия»

15.03

 

3 ЕІ Б

Баймулдинова Наиля Касымхановна

7.      

Ашық  сабақ «Инфекционные болезни.Сибирская язва»

16.03

 

 3 ЛД

Сатпаев Нұржан Маратбекұлы

8.      

Интербелсенді  сабақ «Тәжірибелік сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер»

16.03

 

Оқыту

шылар

Жакипбаева Гульнар Ергабыловна

 

Тәжірибе  алмасу

 

2022 жылдың желтоқсан айында колледжде «Жалпы білім беретін және  әлеуметтік-экономикалық пәндері» ЦӘК–ң жоспары бойынша  «Тәжірибе  алмасу» апталығы өткізілді. Жоспар бойынша ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар дайындалды.

 

«Жалпы білім беретін және әлеуметтік-экономикалық пәндері»

ЦӘК апталығының  жоспары

 

Өткізілетін шаралардың атауы

Жауапты оқытушы

1.      

Сабақтан тыс шара  «Тұлғаны сәйкестендіру әдістері»

Ерден Е.Е.

2.      

Тренинг на сплочение коллектива

Молдахметов Ж.К.

3.      

Ашық сабақ «Жылқыны алғаш қолға үйреткен Қазақ даласы»

Әбіш А.Е.

4.      

Ашық  сабақ «Hypertension» (қан қысымы)

 

Куттыбаева М. С.

5.      

Ашық  сабақ «Жасыл химиянын 12 принципин атау жане оны тусиндиру»

Жұмаділда Ә.Б.

6.      

Сабақтан тыс шара «Тәуелсіздік тұғырым». Апталықтың жабылуы

Исаинова А.К.