Интербелсенді сабақ

2023 жылдың 16 – шы наурыз күні арнайы пән оқытушысы Жакипбаева Гульнар Ерғабыловна  «Томирис» медициналық колледжінің оқытушылары арасында «Тәжірибелік сабақтарда қолданылатын әдіс - тәсілдер» тақырыбы бойынша тәжірибе алмасу сабағын өткізді. Оқытушылар тәжірибелік сабақтардың әдіс - тәсілдерін меңгерудегі қолданылған дағдыларымен бөлісті.

Арнайы пәнінен ашық сабақ сәтті өтті

 

16.03.2023 ж. «Жалпы кәсіптік және арнайы пәндері» апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Сатпаев Нұржан Маратбекұлы «Жұқпалы аурулар» пәнінен 3ЛД тобында «Сібір жарасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа колледждің арнайы және жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары қатысты.

Сабақ барысында "Сібір жарасы" тақырыбын талдау алдында "сіреспе" тақырыбындағы ситуациялық есептерді шешу және сауалнама жүргізілді. Кіші топтар тақырыпты түсіну мен игеруді ситуациялық есептерді шешу арқылы көрсетті. Сонымен қатар, алынған білім сауалнамамен бекітілді

2023 жылдың 15 – шы наурыз күні  «Жалпы кәсіптік және арнайы пәндері» ЦӘК  апталығының жоспары бойынша арнайы пәндері  оқытушысы Баймулдинова Найля  Касымхановна  3 ЕІ Б тобының  студенттерімен «Атеросклероз.  Артериалық гипертония» тақырыбы бойынша  ашық сабақ өткізді. Топ студенттері «Ішкі аурулар» пәнінен теорияны практикамен ұштастырды.

                                                

«Акушерлік және гинекология» пәнінен ашық сабақ

 

14.03.2023 жылы арнайы пән оқытушысы Ермагамбетова Римма Райльевна 2ЛД 11 тобында «Акушерлік және гинекология» пәні бойынша ашық сабақ өткізді, сабақтың тақырыбы «Акушерлік қызметтегі төтенше жағдайлардың дифференциалды диагностикасы». Ашық сабаққа жалпы білім беретін және арнайы пән оқытушылары қатысты.

Студенттер шағын топтарға бөлінді,  топтай мынадай тапсырма алды: акушерлік шұғыл жағдайлардың дифференциалды диагностикасының кестесін құрастыру. Бұл сабақта студенттер басқа пәндерді оқу барысында алған білімдерін пайдаланды.

Барлық студенттер қойылған оқу міндеттерін шешуге белсене қатысып, өзара талқылады. Жалпы сабақ қызықты және мазмұнды өтті.

           

                                      

Ортопедия және травматологиядағы емдеу дене шынықтыру

 

2023 жылғы 13 наурызда арнайы пәндерінің оқытушысы Жарықбасова Ф.Ж.  3АК11 тобының білім алушыларымен "Ортопедия мен травматологиядағы емдік дене шынықтыру" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Білім алушыларға сабақ тақырыбы бойынша презентация ұсынылды, сколиоздың, жалпақ аяқтың алдын алу және емдеу бойынша физикалық жаттығулар айқын көрсетілді. Сабақ барысында студенттер топтарға бөлініп, жаттығулар арқылы тыныс алу жүйесін қорғауға арналған бейнеүзінділер   қорғады, ағаш фигураларды қолдана отырып, табанның сезімталдығын анықтауға арналған эксперименттік тапсырма орындалды, сонымен қатар ұсынылған әріптер схемасынан ойын түрінде сабақтың тақырыбына қатысты терминдер мен сөздер шешілді.

Ашық сабақ студенттердің травматология мен ортопедияда емдік мақсатта дене жаттығуларын қолдану бойынша білімдерін, сондай-ақ дене жаттығуларының емдік әсер ету механизмдерін игеруіне ықпал етті.